2025 жылдың 12 маусымынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Катя Школьниктың «Уақыт туралы Манифест» атты иммерсивті мультимедиялық инсталляциясы ұсынылады.
Пресс-тур 11 маусым 15:00-де өтеді.
Бұл жаңашыл көрме дәстүрлі өнер түрлерінің шегінен шығып, келушілерге уақыт, адам назарын және өсіп келе жатқан виртуалды кеңістік арасындағы дамып келе жатқан қатынастар туралы ойлануға мүмкіндік береді, сонымен қатар тартымды және мультисенсорлы тәжірибе ұсынады.
«Бұл иммерсивті мультимедиялық инсталляция Уақыт ұғымын, қазіргі әлемдегі ең құнды ресурс ретінде, түсінуге бағытталған. Автор видео-перформанс және 3D art арқылы бүгінгі өмірдің ұстанымдары мен құндылықтарын түсіндіруге тырысады. Қазіргі заманғы адамды бізге қарапайым көрінетін мәселелерге назар аударуға шақырады, бүгінгі күнді қалай өткізуіміз керек деген көзқарастарды қайта ойластыруға талпынады», – деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің директоры Жұмабекова Гулаим Мұсағұловна.