2025 жылдың 11 ақпан күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның заманауи кескіндемешісі Оралбек Қабөкенің «QARA JER» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Бұл көрме О. Қабоке үшін жады мен өткенді қайта қараудың ерекше алаңы болып табылады. Көрме идеялары оның жеке естеліктерінен бастау алады, бірақ олар жекелік шеңберден шығып, кең ауқымды тарихи және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге бағытталған. Қылқалам шебері өзінің жұмыстары арқылы естеліктердің қалай сақталатынын, оны қайта қараудың күрделілігін, ұрпақтан ұрпаққа қалай берілетінін айтады. Уақыт өте келе олардың мағынасының қалай өзгеретінін зерттеп, көрерменді тереңірек түсінуге шақырып, естелік ұғымының көпқырлы табиғаты жайлы ойлануға шақырады.