Оқиғалар

Халықаралық музейлер күнінде, 2024 жылғы 18 мамырда, сағат 14:00-ден 24:00-ге дейін «Музейдегі түн-2024» жыл сайынғы ауқымды жобасын ұсынады.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Халықаралық музейлер күнінде, 2024 жылғы 18 мамырда, сағат 14:00-ден 24:00-ге дейін

«Музейдегі түн-2024» жыл сайынғы ауқымды жобасын ұсынады.

2024 жыл ICOM - Халықаралық музейлер кеңесінің тақырыбы

«БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН МУЗЕЙЛЕР»

* Бас серіктес - Konica Minolta Kazakhstan

* Ақпараттық серіктес - art of HER порталы

* Демеуші - DAMIANI зергерлік үйі

 

«Халықаралық музейлер күні» жыл сайын 18 мамырда бүкіл әлемде атап өтіледі. Бұл күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі дәстүр бойынша көрермендер үшін көрмелер, концерттер, экскурсиялар, шеберлік сағаттар және интерактивті іс-шаралар бағдарламасын ұсынады. «Музей түні» жобасының мақсаты – музей кеңістігінде мәдени мұраны насихаттау және кең аудиторияны тарту болып табылады.

Qazaq Ballet креативті зертханасы ұйымдастырған «Қазақ балеті: 90 жылғы тарих» атты картиналар көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Баспасөзге баяндама

Қазақ балетінің 90 жылдығына арналған картиналар көрмесі

 

2024 жылғы 16 мамырда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Qazaq Ballet креативті зертханасы ұйымдастырған «Қазақ балеті: 90 жылғы тарих» атты картиналар көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрмеде Қазақстанның кәсіби хореографиялық өнеріндегі 90 жыл бойы қойылған тарихи және заманауи ұлттық спектакльдердің реконструкциясы ұсынылған.

Қазақстандық ұйғыр суретшісі Руслан Юсуповтың (1950-2021) «Шарын аңыздары» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 10 мамырда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық ұйғыр суретшісі Руслан Юсуповтың (1950-2021) «Шарын аңыздары» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге 30-дан астам кескіндеме туындылары ұсынылады.

    Руслан Зайнутдинович Юсупов 1950 жылы Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. 1970 жылы Н. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1979 жылы Ташкент театр-көркемсурет институтында оқуын аяқтады. 1972 жылдан бастап республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. 1980 жылдан бастап Алматы театр-көркемсурет институтында және өнер академиясында (қазіргі Т.Жүргенев атындағы ҚазҰӨА) сабақ берді. 1983 жылы Республикалық «Жігер» өнер фестивалінің дипломанты. 1984 жылдан КСРО және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Шыңжаң өнер институтында (Үрімші) сабақ берді. Шығармашылық сапарда  Шыңжанда, Италияда, Үндістанда болды. «Ильхам» сыйлығының иегері (2002).

«Итальяндық мұра, шеберлік пен құштарлыққа 100 жыл» фотокөрмесі

«Итальяндық мұра, шеберлік пен құштарлыққа 100 жыл» фотокөрмесі

DAMIANI зергерлік үйі өзінің бай тарихымен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде фотокөрме арқылы таныстырады.

Іс-шара музей қонақтары үшін зергерлік бұйымдарда бейнеленген қолөнер, шығармашылық және бірегей ғасырды сезінуге тамаша мүмкіндік береді.

Мұнда келушілер ұрпақтан-ұрпаққа берілген білім туралы да ақпарат біле алады: қазіргі таңда DAMIANI зергерлік үйін үшінші ұрпақ өкілдері басқарады, ал төртіншісі ата кәсіпті жалғастырған маман болып өсіп келеді.

Қорынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына және Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық батыры, Қазақстан Республикасы армиясының генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жеңістің жұлдызды сағаты» атты көрмесі ашылады.

2024 жылғы 2 мамырда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қорынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына және Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық батыры, Қазақстан Республикасы армиясының генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жеңістің жұлдызды сағаты» атты (Кескіндеме. Графика. Мүсін өнері) көрмесі  ашылады.

        Экспозицияда кеңес заманы мен қазақстандық суретшілердің, ҰОС қатысушыларының 50-ден аса туындылары, соғыс батырлары мен тыл еңбеккерлеріне арналған картиналар қойылады. Көрменің ашылуында көрермендер әскери-тарихи музейдің директоры А. Байқадамованың қолдауымен ұсынылған генерал                                       Сағадат Нұрмағамбетовтің жеке заттарын тамашалай алады.