Оқиғалар

Cуретші, арт-терапевт Миранда Омардың «Біз киетін бетперделер» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылдың 29 тамызында сағат 12:00-де  Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) суретші, арт-терапевт Миранда Омардың «Біз киетін бетперделер» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Миранда Омар – Шымкент, Қарағанды және Алматы қалаларында белсенді өнер көрсеткен О.Таңсықбаев атындағы АСҚӨК түлегі. Оның жұмыстары  О.Таңсықбаев атындағы АСҚӨК қолдауымен киім дизайнері ретінде халықаралық конкурстарға қатысты. Миранда өзінің тәжірибесінде сәндік-қолданбалы өнерге жақын аралас техниканы қолданып, кенепте адамның шынайы сезімдері көрініс тапқан әлемді көрсетеді.

«Түркі қағанаты» деп аталатын топтамаға кіретін «Отбасы», «Табыну», «Алтын адамның сарбаздары» шығармалары туралы мәлімет.

«Түркі қағанаты» деп аталатын топтамаға кіретін «Отбасы», «Табыну», «Алтын адамның сарбаздары» шығармалары туралы мәлімет.

 

Өнерде жаңа бағыт ашқан Құттыбек Жақып –  жүнді пайдаланып, бедерлі туындыларын жасап - 17.06.2022 жылғы № 7205 патентін алды. Оның жұмысы қазіргі заманғы өнерді жасау үшін дәстүрлі материалдарды қалай пайдалануға болатынының тамаша үлгісі болып табылады. Суретшінің жұмысы Қазақстанның ұлттық мәдениетінің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосылған маңызды үлес болып табылады.

Деректі режиссер, суретші Олег Беляловты еске алуға арналған «Археология. Кадр сыртында» атты фотосуреттер көрмесі ашылады.

2024 жылғы 15 тамызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде деректі режиссер, суретші Олег Беляловты еске алуға арналған «Археология. Кадр сыртында» атты фотосуреттер көрмесі ашылады.

Көрме көрермендерге археологиялық жұмыстарды ғылыми жарияланымдар мен газеттік репортаждар призмасы арқылы ғана емес, сондай-ақ археологтардың күнделікті өмірі аясында да көруге мүмкіндік береді. Көрме бэкстейдж стилінде орындалған фотосуреттер коллекциясы болып табылады, бұл археологияға бейресми және жиі байқалмайтын жақтан қарауға мүмкіндік береді.

Наргис Рахманованың «evigilatio» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 16 тамызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде Наргис Рахманованың «evigilatio» атты жеке  көрмесінің ашылуы өтеді.

 

   «Еvigilatio» - суретші Наргис Рахманованың (Германия/Қазақстан) жұмыстарының көрмесі. Бұл көрме көрермендерге суретшінінің творчествосына 2016 жылғы музейдегі көрмесімен салыстырғанда тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.

    Суретші  ою-өрнек формалары мен құрылымдарының маңызын түрлі көз-қарас тұрғысынан қарастырып, БЕЛГІЛЕР мен ДЫБЫСТАРҒА ерекше орын бөліп, оны осы материалдық әлем өнімі рөлінен оны жасаушының рөліне ауыстырады.

Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) алматылық суретші Какоткина Светланананың «Жазғы қиял» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозиция суретші шығармашылығындағы 90-ға жуық картиналарды көрермен назарына ұсынады.

2024 жылдың 7 тамызында сағат 16:00-де  Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) алматылық суретші Какоткина Светланананың «Жазғы қиял» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозиция суретші шығармашылығындағы 90-ға жуық картиналарды көрермен назарына ұсынады.

 Какоткина Светлана 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Бастапқы өнер білімін «Классикалық өнер гимназиясынан» қалыптастырып, 2002 жылы Қазақ Бас сәулет құрылыс академиясын «Дизайн» мамандығы бойынша тәмамдайды. Академия қабырғасынан бастап-ақ суретші өзін жан-жақты көрсетіп, түрлі байқаулар мен көрмелерге белсенді қатысып отырады. Өмірлік жолында Светлана көркемсурет мектебінде мұғалім, жарнама агенттіктері мен журналдарда дизайнер, үйлестіруші болып жұмыс жасайды.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б.

🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді. 🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б. 🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️Бүгінгі кезекті айдарымыз - кураторлық жұмысқа арналады. 

▫️Куратор – көрермен мен суретші арасын байланыстыратын елші, екі жақтың еркін ортада кездесуін ұйымдастыратын, көрменің идеялық және көркемдік тұтастығын айқындайтын басты тұлға. 

✨Сіздерді  4 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуында күтеміз!

📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. 
Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская

✨ Сегодняшний выпуск нашей рубрики — о тех, кто помогает выставке обрести свой голос.

▫️Куратор — это связующее звено между художником и зрителем, посредник, который создаёт пространство для их свободного диалога и встречи, а также определяет идейную и художественную целостность выставки.

✨ ✨ Ждём вас 4 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на открытии юбилейной ретроспективной выставки «ГОРОД И ЭПОХА ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённой 80-летию выдающегося представителя современного казахстанского скульптурного искусства, скульптора Павла Шорохова!

📌 Выставка продлится до 30 августа.

Куратор выставочного проекта — Оксана Танская. ⚜️Бүгінгі кезекті айдарымыз - кураторлық жұмысқа арналады. ▫️Куратор – көрермен мен суретші арасын байланыстыратын елші, екі жақтың еркін ортада кездесуін ұйымдастыратын, көрменің идеялық және көркемдік тұтастығын айқындайтын басты тұлға. ✨Сіздерді 4 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуында күтеміз! 📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская ✨ Сегодняшний выпуск нашей рубрики — о тех, кто помогает выставке обрести свой голос. ▫️Куратор — это связующее звено между художником и зрителем, посредник, который создаёт пространство для их свободного диалога и встречи, а также определяет идейную и художественную целостность выставки. ✨ ✨ Ждём вас 4 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на открытии юбилейной ретроспективной выставки «ГОРОД И ЭПОХА ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённой 80-летию выдающегося представителя современного казахстанского скульптурного искусства, скульптора Павла Шорохова! 📌 Выставка продлится до 30 августа. Куратор выставочного проекта — Оксана Танская. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті.

▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді.

📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай.

▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив.

📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті. ▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді. 📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай. ▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив. 📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года. ⚜️2026 жылдың 5 тамыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі Нұрболат Ысқақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Шыңмен сырласқан қылқалам» атты ретроспективті көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

🔹Аталмыш көрме суретшінің әр кезеңде жазылған туындыларын бір кеңістікте тоғыстырып, оның шығармашылық жолының негізгі белестерін таныстырмақ. Нұрболат Ысқақовтың шығармашылығында бірнеше жылдар бойы басты тақырыпқа айналған Хан Тәңірі шыңының бейнесі бұл экспозицияның негізі болмақ. Суретші Аспантауды туған жерінің символы ретінде бейнелеп, әр туындысында оның жаңа реңдік әрі эмоционалдық қырларын ашып келеді.

🔸Экспозицияда Райымбек ауданының әртүрлі нүктелерінен бейнеленген Хан Тәңірінің сан алуан көріністері, туған өлкенің пейзаждары, қазақ ауылының тыныс-тіршілігіне арналған жанрлық композициялар, сондай-ақ суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер ұсынылады.

🔺Суретшінің кескіндемелік тілінің өзіндік ерекшелігі бұл көрмеде айқын көрініс табады. Оның туындыларында түстің қанықтығы бірден көзге түседі. Суретші таулар мен жоталардың монументалды болмысын ең алдымен түстің қуаты арқылы беріп, көрермен назарын асқақ шыңдарға бағыттайды. Нұрболат Ысқақов шығармаларында ультрамарин мұздықтар, зүбәржаттай жасыл шыршалар, лимон түстес алқаптар мен қардағы қызғылт-күлгін реңктер өзіндік декоративтік түстік жүйе құрайды.

Экспозиция тамыз айының 18 дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі - Санжар Сырғабаев
«Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің ғылыми қызметкері ⚜️2026 жылдың 5 тамыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі Нұрболат Ысқақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Шыңмен сырласқан қылқалам» атты ретроспективті көрменің салтанатты ашылуы өтеді. 🔹Аталмыш көрме суретшінің әр кезеңде жазылған туындыларын бір кеңістікте тоғыстырып, оның шығармашылық жолының негізгі белестерін таныстырмақ. Нұрболат Ысқақовтың шығармашылығында бірнеше жылдар бойы басты тақырыпқа айналған Хан Тәңірі шыңының бейнесі бұл экспозицияның негізі болмақ. Суретші Аспантауды туған жерінің символы ретінде бейнелеп, әр туындысында оның жаңа реңдік әрі эмоционалдық қырларын ашып келеді. 🔸Экспозицияда Райымбек ауданының әртүрлі нүктелерінен бейнеленген Хан Тәңірінің сан алуан көріністері, туған өлкенің пейзаждары, қазақ ауылының тыныс-тіршілігіне арналған жанрлық композициялар, сондай-ақ суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер ұсынылады. 🔺Суретшінің кескіндемелік тілінің өзіндік ерекшелігі бұл көрмеде айқын көрініс табады. Оның туындыларында түстің қанықтығы бірден көзге түседі. Суретші таулар мен жоталардың монументалды болмысын ең алдымен түстің қуаты арқылы беріп, көрермен назарын асқақ шыңдарға бағыттайды. Нұрболат Ысқақов шығармаларында ультрамарин мұздықтар, зүбәржаттай жасыл шыршалар, лимон түстес алқаптар мен қардағы қызғылт-күлгін реңктер өзіндік декоративтік түстік жүйе құрайды. Экспозиция тамыз айының 18 дейін жалғасады. Көрме жетекшісі - Санжар Сырғабаев «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің ғылыми қызметкері ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері/Matter of Memory» көрмесі ашылды.

🔹Аруханның көркем тілі органикалық абстракцияға жақын. Киіз бетінде түзілетін ирек сызықтар, сан қилыбедерлер мен фактуралар құдды табиғаттағы үдерістерден де, жазуға ұқсас іздер мен жад түкпірінен қалқып шығатын пішіндерден де хабар беретіндей. Бұл бейнелердің нақты әрі тұрақты мағынасы жоқ. Олар таңба мен материяның шегінде өмір сүріп, жадтың шығарманың құрылымы арқылы көрініс табуына мүмкіндік береді.

🔸Бұл кеңістікте дала айрықша орын алады. Ол – ішкі жадтың мекені һәм адам орала беретін кеңістік. Дала да тура жад іспетті бір жағынан ізді сақтап қалса, екіншіжағынан оны жойып отырады.

🔺Көшпелілер мәдениетінде жад белгілі бір тұрақты сақтау формасына тәуелді болмаған. Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар уақыт өте жерге қайта сіңгенімен, жадтың өзі қолөнер, ауыздан ауызға тараған мұра мен ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тәжірибеде өмір сүре берген. Осы тұрғыдан алғанда, Аруханның шығармаларын жоғалып бара жатқан дүниенің мұрағатын жасауға талпыныс ретінде қарастыруға болады.

▫️▫️Matter of Memory көрмесі жадты заттардың өзі, өткеннің ізі мен дүние материясында өмір сүруін жалғастыратын материалдық құбылыс ретінде тануға шақырады.

📌Экспозиция тамыз айының 24-не дейін жалғасады.
Куратор: Ақжарқын Құмарбаева
Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері/Matter of Memory» көрмесі ашылды. 🔹Аруханның көркем тілі органикалық абстракцияға жақын. Киіз бетінде түзілетін ирек сызықтар, сан қилыбедерлер мен фактуралар құдды табиғаттағы үдерістерден де, жазуға ұқсас іздер мен жад түкпірінен қалқып шығатын пішіндерден де хабар беретіндей. Бұл бейнелердің нақты әрі тұрақты мағынасы жоқ. Олар таңба мен материяның шегінде өмір сүріп, жадтың шығарманың құрылымы арқылы көрініс табуына мүмкіндік береді. 🔸Бұл кеңістікте дала айрықша орын алады. Ол – ішкі жадтың мекені һәм адам орала беретін кеңістік. Дала да тура жад іспетті бір жағынан ізді сақтап қалса, екіншіжағынан оны жойып отырады. 🔺Көшпелілер мәдениетінде жад белгілі бір тұрақты сақтау формасына тәуелді болмаған. Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар уақыт өте жерге қайта сіңгенімен, жадтың өзі қолөнер, ауыздан ауызға тараған мұра мен ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тәжірибеде өмір сүре берген. Осы тұрғыдан алғанда, Аруханның шығармаларын жоғалып бара жатқан дүниенің мұрағатын жасауға талпыныс ретінде қарастыруға болады. ▫️▫️Matter of Memory көрмесі жадты заттардың өзі, өткеннің ізі мен дүние материясында өмір сүруін жалғастыратын материалдық құбылыс ретінде тануға шақырады. 📌Экспозиция тамыз айының 24-не дейін жалғасады. Куратор: Ақжарқын Құмарбаева Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина 💫2026 жылғы 25 шілдеде Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме аясында Artist Talk форматындағы шығармашылық кездесу өтті.

🔹Кездесуге көрме авторлары мен жоба кураторы қатысып, көрменің идеясы, шығармалардың дүниеге келу тарихы, отбасы құндылықтары тақырыбының өнердегі көрінісі және көрме жобасының қорытындылары туралы кеңінен әңгімеледі.

🎨Artist Talk көрме жобасының маңызды қорытынды кезеңіне айналып, өнер мен көрермен арасындағы ашық сұхбат алаңын қалыптастырды.

💫25 июля 2026 года в Центральном выставочном зале в рамках групповой выставки «Действие  семейного альбома» состоялся Artist Talk, посвящённый подведению итогов выставочного проекта.

🔸В творческой встрече приняли участие художники выставки и куратор проекта, которые поделились размышлениями о концепции выставки, идейном содержании работ, творческих поисках и опыте, накопленном в ходе экспозиции.

🎨Artist Talk стал важным заключительным этапом выставочного проекта, позволив глубже осмыслить темы семьи, памяти и преемственности поколений через произведения искусства. 💫2026 жылғы 25 шілдеде Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме аясында Artist Talk форматындағы шығармашылық кездесу өтті. 🔹Кездесуге көрме авторлары мен жоба кураторы қатысып, көрменің идеясы, шығармалардың дүниеге келу тарихы, отбасы құндылықтары тақырыбының өнердегі көрінісі және көрме жобасының қорытындылары туралы кеңінен әңгімеледі. 🎨Artist Talk көрме жобасының маңызды қорытынды кезеңіне айналып, өнер мен көрермен арасындағы ашық сұхбат алаңын қалыптастырды. 💫25 июля 2026 года в Центральном выставочном зале в рамках групповой выставки «Действие семейного альбома» состоялся Artist Talk, посвящённый подведению итогов выставочного проекта. 🔸В творческой встрече приняли участие художники выставки и куратор проекта, которые поделились размышлениями о концепции выставки, идейном содержании работ, творческих поисках и опыте, накопленном в ходе экспозиции. 🎨Artist Talk стал важным заключительным этапом выставочного проекта, позволив глубже осмыслить темы семьи, памяти и преемственности поколений через произведения искусства.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ