Оқиғалар

Құрметті алматылықтар және қала қонақтары!

Назарларыңызға, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі "Балалар жылына" ұйымдастырылған, жазғы демалыс күндеріне арналған "Ғажайып шам" атты бағдарламасын ұсынады.

Жазғы демалысты бірге өткізейік!

Сабина Сұлтанбаеваның «Қазақстан» атты жеке көрмесі

2022 жылғы 7 маусымда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ Орталық көрме залында Сабина Сұлтанбаеваның «Қазақстан» атты жеке көрмесі өтеді

Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Павел Зальцманның туғанына 110 жыл (1912-1985) толуына арналған «Уақыт келбеті» көрмесі

2022 жылы 8 маусымда сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Павел Зальцманның туғанына 110 жыл (1912-1985) толуына арналған «Уақыт келбеті» көрмесінің ашылуы болады. Экспозицияға қылқалам шеберінің 1943 жылдан 1984 жылға дейінгі аралықта жазған 60-қа жуық жұмысы кіргізілді.

«АЛТЫН БЕСІК» көрмесі

2022 ж. 1 маусымында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі «АЛТЫН БЕСІК» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрме Халықаралық балаларды қорғау күні мен Қазақстандағы балалар жылына арналады.

Қанат Шүкірбектің «Өмір – өнер жолы» атты жеке мерейтойлық көрмесі

2022 жылы 26 мамырда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қанат Шүкірбектің «Өмір – өнер жолы» атты жеке мерейтойлық көрмесі өтеді.