2025 жылдың 27 ақпан күні 16:00 Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына орай Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінің «Естелік. Кеңістік. Даму» атты көрмесі ашылады.
Көрмеге Бақыт Бәпішев, Смайыл Баялиев, Арыстанбек Шалбаев, Саид Атабеков, Сергей Маслов, Рашид Нұрекеев, Молдақұл Нарымбетов, Алмагүл Меңлібаева, Виктор және Елена Воробьевтар, Шәміл Гулиев және басқа да жетекші суретшілердің жұмыстары қойылған. Көрмеде сонымен қатар, Рашид Нұрекеевтің «Жол бойы жаңбыр жоқ» (2022) және «Түлкі мен вагонның ессіз махаббаты» (2021) инсталляциялары, сонымен қатар Қазақстанның заманауи өнер үрдісінде шығармашылығында елеулі орын алатын Алмагүл Меңлібаева, Арыстанбек Шалбаев және Смайыл Баялиевтің бейне-арт жұмыстары қойылған.