Оқиғалар

ҚР Суретшілер одағы Алматы облыстық филиалының кезекті есеп беру көрмесі ашылады.

2024 жылдың 11 желтоқсан күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында ҚР Суретшілер одағы Алматы облыстық филиалының кезекті есеп беру көрмесі ашылады.

Бұл көрмеге Алматы облысының әр аудандарынан жиналған суретшілер қатысып отыр. Олар қазақ елінің өнеріне еңбек сіңіріп, өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүрген суретшілер. Кескіндеме, графика, мүсін, дизайн және сәндік қолданбалы өнер туындыларының авторлары. Олардың шығармалары бүгінгі күнде халықтың көңілінен шығып, сұранысқа ие болып жүрген туындылар.

Cуретші Саян Байғалиевтің «Matte(r)reality» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 5 желтоқсан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Саян Байғалиевтің «Matte(r)reality» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрмеде жарқын натюрморттар, сюрреалистік композициялар, экспрессивті деформацияланған интерьерлер мен күтпеген көрнекі иллюзиялар ұсынылады. Суретшінің әрбір жұмысы көрермендерге шындық пен қиялдың арасындағы шекараны зерттеуді ұсынады. Кенептегі майлы бояулар, керамикалық заттар және Байғалиев шығармаларындағы басқа да классикалық материалдар анимациялық экрандардан тасымалданғандай цифрлық эффекттер әсерін береді, бірақ олардың мәні терең канондық және материалдық болып қала береді.

ҚР Суретшілер одағының халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына, Үкі Әжиевтің 100 жылдығына, Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына, Гүлфайруз Исмаилованың 95 жылдығына арналған «ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ» атты Республикалық есептік көрмесі ашылады.

2024 жылдың 29 қараша күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына, Үкі Әжиевтің 100 жылдығына, Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына, Гүлфайруз Исмаилованың 95 жылдығына арналған  «ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ» атты

Республикалық есептік көрмесі ашылады.

 

Көрмеде 200-ден астам кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер саласы бойынша қазақстандық суретшілердің шығармашылық туындылары ұсынылады. Республикалық көрмеге Алматы, Алматы облысы, Астана, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Тараз, Түркістан, Шымкент өңірінен 150-ге жуық суретшілер қатысып отыр.

Cуретші ҮКІ ӘЖИЕВТІҢ туғанына 100 жыл толуына арналған «ЖАН ЖАРЫҒЫ» мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорынан, жеке коллекциялардан және суретшінің отбасы жинағынан 70-тен астам кескіндеме және акварель туындылары ұсынылады.

2024 жылдың 6 желтоқсан күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші ҮКІ ӘЖИЕВТІҢ туғанына 100 жыл толуына арналған «ЖАН ЖАРЫҒЫ» мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорынан, жеке коллекциялардан және суретшінің отбасы жинағынан 70-тен астам кескіндеме және акварель туындылары ұсынылады.

2024 жылы көрнекті қазақстандық суретші, Қазақстан акварелінің шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш. Уәлиханов атындағы мәдениет және бейнелеу өнері саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Тұңғыш Президенті стипендиясының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ленинград блокадасының қатысушысы Әжиев Үкі Әжиұлының туғанына 100 жыл толды.

Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерді сүйетіндер үшін «Асыл тастар» клубының «Әлем өнер арқылы» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

      2024 жылғы 19 қараша күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерді сүйетіндер үшін «Асыл тастар» клубының  «Әлем өнер арқылы» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

«Сұлулықты көру қабілетін сақтаған адам қартаймайды...»

Франц Кафка

 

«Асыл тастар» неден басталды, бұл, 1971 жылы Алматы облысысында совхоз кәсіподағы суретшілер бірлестігін құрып, осындай атауды берді. Кейін, «Асыл тастар» бірлестігі 400-ден астам суретшіні біріктірген КСРО-дағы ең ірі шығармашылық ұжымдардың бірі болып шықты. «Асыл тастар» Бүкілодақтық, Республикалық, Халықаралық көрмелердің, фестивальдердің қатысушысы болды және оның көптеген мүшелері осынау көрмелердің лауреаттары болды. 1974 жылдың жазында «Асыл тастар» делегациясы КСРО халықтары өнерінің үлкен мерекесіне қатысып, КСРО ХШЖК алтын дипломымен марапатталды.