2024 жылғы 1 қарашада сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде метамодернист суретші Aruhan-ның (Гаухар Бисенғалиева) «Ұлы Дала мұрасы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.
«Ұлы дала мұрасы» көрмесі келушілерді өнердегі дәстүр мен қазіргі заманның тоғысқан тұсында бірегей зерттеу жасауға шақырады. Aruhan киіз өнеріндегі жаңашылдығымен танылып, осы көне материалды Ұлы даланың мол мұрасын паш ету үшін пайдаланады. Суретшінің шығармашылығында ата-бабаларымыздың салт-дәстүрімен байланысын тереңдете түсетін мәдени мұра мен рухани күштің символы – ұлттық қазақ кілемі басты орынды алады.