ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер музейінде, 7-қазан, 2021 жылы, 16.00-де Әлібай Бапановтың «АСПАН МЕН ЖЕР» атты жеке көрмесі ашылады.
Көрмеде автордың жеке қорынан 70-ке таяу жұмысы қойылған.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты қалалық пленэрге қатысушылардың жұмыстар көрмесіне
2021ж. 19 қыркүйек күнінен 3 қазанға дейін Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматы қаласы күніне орай «АЛМАТЫ СУРЕТШІЛЕР КӨЗІМЕН» атты көрмесі өтеді.
2021 жылдың 17 қыркүйек күні сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР СО, және Евразиялық СО мүшесі, ҚР Көркемсурет Академиясының академигі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Жанұзақ Мүсәпірдің «Құдіретім – ҚЫЛҚАЛАМ!» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Аталған көрмені суретші Қазақстан Республикасының 30-жылдығы, Жолбарыс би Жылқайдарұлының 350-жыл толуына, ҚР Көркем Академиясының 15-жылдығына, сондай-ақ шығармашылығының 40-жылдығы мен өзінің 60 жасқа толуы сынды бірнеше мерейтойға арнап отыр
2021 жылдың 16 қыркүйегі күні сағат 16.00 де Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-інде орыстың әлемге белгілі суретшісі Николай Константинович Рерихтің (1874-1947) «Рухтың шыңдары» атты көрмесі ашылады.