2025 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 11:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Синьцзянь өнер музейінің ұйымдастыруымен «Синьцзян-көркем жер» атты халықаралық көрменің ашылуы өтеді. Көрмеге 40-жуық қытай кескіндемесі, майлы бояу, графика, акварель және т.б. техникада орындалған өнер туындылары қойылады.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ
«ШЫҒЫС КЕРУЕНІ» АТТЫ
КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ
Құрметті халық өнерін бағалайтын қауым! «Шығыс керуені» атты Үлкен Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі сіздерге Шығыс базарының сиқырлы әлеміне енуге мүмкіндік береді.
2025 жылдың 29 қазанында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) суретші Екатерина Терехованың «Солтүстіктен – Оңтүстікке сапар» атты жеке көрмесі ашылды.
2025 жылдың 7 қараша күні, сағат 16.00 де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында ҚР Суретшілер одағының мүшелері Құралай Аманжолова, Виктория Цой, Светлана Цой суретшілердің «АЛМАТЫДАҒЫ СЕРУЕН» атты бірлескен шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияда 80 жуық кескіндеме туындылар қойылады.
Аталмыш көрмеде суретшілер пленэрлік туындыларында Алматы қаласының сұлу келбетін бейнелей отырып, күнделікті қозғалыс пен құбылыстың уақытын тоқтатып, қас қағым сәтті мәңгілікке айналдырғандай әсер қалдырады. Қылқалам шеберлері – Құралай Аманжолова, Светлана Цой, Виктория Цой әрбір сюжеттік композициясындағы ерекше палитра арқылы уақыт кеңістігінің динамикалық ырғағын сезінуге және сол атмосфераны еркін қабылдауға мүмкіндік береді. Әсіресе, жарық пен түстің қатынасы арқылы суретшілер қаланың таңғы сергектігін, түскі қарбаласын, кешкі тыныштығын бір мезетте көрсете, көрермендер сюжетпен тікелей байланыс орната алатындай әсер туғызған.
2025 жылдың 15 қазан күні 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан 137) «Арт-8» көркемсурет студиясының «Шығармашылық әлемі» атты көрмесі ашылады. Экспозицияда оқушылардың 70-тен астам жұмыстары қойылады.
«Арт-8» изостудиясы 2012 жылы құрылып, биыл өз жұмысын бастағанына 13 жыл толып отыр. Студияның негізін қалаған – бейнелеу өнерінде ұзақ жылдық тәжірибесі бар, кәсіби шеберлігімен танылған ұстаздар: Касьяненко Татьяна Владимировна, Қалиева Асель Ануарбекқызы, Терехова Дарья Петровна және Шик Эленора Гарриевна.
Instagram соңғы жаңалықтары
Instagram
⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады.
🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді.
🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған.
Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар.
Абайды тану – өзіңді тану!
@madeniet__aqparat__ministrligi
@qaz.culture
✨10 тамыз — Абай күні
🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді.
🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз.
🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін!
✨10 августа — День Абая
🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения.
🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя.
🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации!
⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды.
▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты.
Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба.
⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея.
▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая.
Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями.
⚜️Ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының құрметіне арналған Абай күні құтты болсын!
🖊️Абай Құнанбайұлының әдеби және рухани мұрасы – қазақ халқының баға жетпес қазынасы. Оның өлеңдері мен қара сөздері білімге ұмтылуға, адалдыққа, еңбекқорлыққа және адамгершілікке үндейді.
▫️Тоқболат Тоғысбаевтың «Абай. Ойшыл» (1971) картинасы ұлы тұлғаның терең ойы мен парасатты болмысын әсерлі бейнелейді. Суретші Абайдың рухани әлемін көркем тіл арқылы ашып, оның даналығы мен кемелдігін көрерменге жеткізеді.
Абайдың мәңгілік мұрасы ұлт руханиятын байытып, жас ұрпақты білімге, мәдениетке және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге жетелей берсін.
⚜️Поздравляем с Днём Абая — праздником великого поэта, мыслителя и просветителя казахского народа!
🖊️Наследие Абая Кунанбаева стало символом духовного богатства Казахстана. Его поэзия и «Слова назидания» учат стремлению к знаниям, честности, трудолюбию и любви к своей Родине.
▫️Картина Токболата Тогусбаева «Абай. Мыслитель» (1971) передаёт глубокий внутренний мир поэта. Образ Абая наполнен мудростью, размышлением и силой духа, а выразительная живописная манера художника раскрывает величие его личности.
Пусть великое наследие Абая и впредь обогащает духовный мир народа, вдохновляя молодое поколение на стремление к знаниям, культуре и бережному отношению к национальным ценностям.
Выставка, которая продолжается в городе
⚜️Сегодня в Национальном музее искусств имени Абылхана Кастеева состоялся первый кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых».
🔹И это был особенный тур: вместе с участниками выставку прошёл сам Павел Иванович Шорохов — автор произведений, которые уже несколько десятилетий живут в городском пространстве Алматы.
🔸Мы говорили о скульптуре, о творческом пути художника, о том, как рождаются произведения и как меняется их восприятие со временем. А главное — о городе, который стал одним из главных героев творчества Павла Шорохова.
📌Но на этом маршрут не закончился.
После музея участники вместе с @evgeniiamorozova2650 и командой @almaty.tourstudio отправились в город — увидеть скульптуры Павла Шорохова там, где они находятся в повседневной жизни алматинцев. Основой для продолжения маршрута стал наш проект «10 скульптур Павла Шорохова, которые обязательно нужно увидеть в Алматы».
Так выставка выходит за пределы музейного пространства и возвращает нас в город — к произведениям, которые мы привыкли видеть, но не всегда знаем их историю.
📌Следующий кураторский тур состоится уже в следующую субботу, 15 августа, в 15:00.
Если вам интересно узнать, как создавались скульптуры Шорохова, почему они появились именно в этих местах и какие истории скрываются за знакомыми городскими образами, — присоединяйтесь.
📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева
🗓 15 августа, суббота
⏰ 15:00
Приходите смотреть на Алматы внимательнее вместе с куратором @guideinalmaty Иногда достаточно просто узнать историю того, мимо чего мы проходим каждый день.
⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «10 тамыз – Абай күні» қарсаңында балаларға арналған «Абайдың даналық жолы» атты танымдық квест ойыны ұйымдастырылды.
🔹Іс-шараның мақсаты – жас қатысушыларды Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, ұлттық әдебиет пен бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Квест барысында балалар музей залдарын аралап, Әбілхан Қастеевтің «Жас Абайдың портреті», Сәрсенбай Бейсенбаевтың «Абай» портреті және Тоқболат Тоғысбаевтың «Абай. Ойшыл» туындылары арқылы ақын тұлғасын тереңірек таныды.
🔸Қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап, Абайдың өмірбаяны, қара сөздері мен өлеңдері бойынша білімдерін сынады. Зияткерлік ойын балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етті.
📌Іс-шараны ұйымдастырған және жүргізген: Музей педагогикасы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері
⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева, в преддверии Дня Абая, который отмечается 10 августа, для детей был организован познавательный квест «Путь мудрости Абая».
🔹Целью мероприятия стало знакомство юных участников с жизнью и творчеством Абая Кунанбаева, а также развитие интереса к национальной литературе и изобразительному искусству. В ходе квеста дети посетили экспозиционные залы музея и познакомились с произведениями «Портрет юного Абая» Абылхана Кастеева, «Портрет Абая» Сарсенбая Бейсенбаева и «Абай. Мыслитель» Токболата Тогысбаева, что позволило им глубже раскрыть образ великого поэта.
🔸Выполняя увлекательные задания, участники проверили свои знания биографии Абая, его «Слов назидания» и поэтического наследия. Интеллектуальная игра способствовала расширению кругозора детей и формированию уважительного отношения к национальным духовным ценностям.
📍 Мероприятие организовано и проведено сотрудниками отдела музейной педагогики и экскурсионного обслуживания.






