Оқиғалар

Суретші Екатерина Терехованың «Көктем лебі келгенде» атты жеке көрмесі ашылады.

2025 жылғы 12 ақпанда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоксан 137) суретші Екатерина Терехованың «Көктем лебі келгенде» атты жеке көрмесі ашылады.

Көрмеде әсерлі пейзаждар, қанық натюрморттар, сондай-ақ a’la Prima стилінде орындалған «тірі» портреттер ұсынылады. Екатерина Терехованың кескіндемесі импрессионизм мен реализм элементтерін біріктіре отырып, бірегей визуалды әсерлер жасайды. Жас автордың әрбір шығармасы көрерменді қоршаған әлемнің жылуы мен шынайылығына терең бойлауға шақырады.

Музей қорынан «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2025 жылдың 20 ақпан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде музей қорынан «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Биылғы жылы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі өзінің 90 жылдығын атап өтеді. Осы айтулы мерейтой аясында музей «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» атты бірегей көрмені ұсынады. Бұл маңызды мәдени шара көрермендерді қазақ ұлттық эпосының әлеміне қызықтырып, көрнекті суретшілердің графикалық туындылары арқылы рухани мұраға терең бойлауға шақырады. Сондай-ақ, көрме Қазақстанның ұлттық әдеби және көркемсурет мұрасының маңыздылығын атап көрсетуге, суретшілердің жаңа буынын шабыттандыруға және көпшілікті қазақ халқының мәдени құндылықтарымен таныстыруға бағытталған.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіне «Ұлттық» мәртебе берілді!

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіне «Ұлттық» мәртебе берілді!

 

    Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы» Жарлыққа қол қойды.

   Бұл мәртебе – ұлттық өнеріміздің дамуы мен мәдени мұрамыздың маңыздылығын айқындайтын тарихи қадам. Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі – Қазақстанның бейнелеу өнерінің алтын қазынасы, ұлт руханиятының айнасы.

   Бұл жетістік барша өнерсүйер қауым үшін үлкен қуаныш! Музейіміздің жаңа белестері құтты болсын!

Қазақстанның заманауи кескіндемешісі Оралбек Қабөкенің «QARA JER» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2025 жылдың 11 ақпан күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның заманауи кескіндемешісі Оралбек Қабөкенің «QARA JER» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. 

Бұл көрме О. Қабоке үшін жады мен өткенді қайта  қараудың ерекше алаңы болып табылады. Көрме идеялары оның жеке естеліктерінен бастау алады, бірақ олар жекелік шеңберден шығып, кең ауқымды тарихи және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге бағытталған. Қылқалам шебері өзінің жұмыстары арқылы естеліктердің қалай сақталатынын, оны қайта қараудың күрделілігін, ұрпақтан ұрпаққа қалай берілетінін айтады. Уақыт өте келе олардың мағынасының қалай өзгеретінін зерттеп, көрерменді тереңірек түсінуге шақырып, естелік ұғымының көпқырлы табиғаты жайлы ойлануға шақырады.

Марат Тәжібаевтың «Үзілмеген арқау» атты жеке көрмесі ашылады.

2025 жылғы 7 ақпанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Марат Тәжібаевтың  «Үзілмеген арқау» атты жеке көрмесі ашылады. Экспозицияда автордың 50-ге жуық туындылары ұсынылады.

Көрме шебердің 85 жылдығына орай ұйымдастырылған және оның есімінің туған жеріне оралуына байланысты маңызды іс-шара болып табылады. Суретшінің туындылары ресейлік және шетелдік музейлердің  коллекцияларында, сондай-ақ жеке коллекцияларда сақталған. 1968 жылдан бастап Ресейде және шетелдерде топтық және жеке көрмелерге белсенді қатысқан. В.И. Мухина атындағы Ленинград жоғары көркем-өндірістік училищесінде білім алған. Санкт-Петербург Суретшілер Одағы, Тоқыма-Дизайн қауымдастығы, Халықаралық гобелен шеберлері қауымдастығы (International Tapestry Network – ITNET) сынды кәсіби ұйымдарға мүшелігі орасан зор. Ол текстиль өнерінің дамуына елеулі үлес қосты.