Оқиғалар

Ресей Федерациясының 1960 жылдардағы өнері. Кескіндеме, графика, мүсін

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорынан дайындалған посткеңестік республикалар туындыларының көрмесі ұсынылған экспозициямен аяқталады. Жоба 2017 жылы басталған болатын. Көрермен Балтық, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Украина, Молдова, Беларусь шеберлерінің шығармашылығымен қатар, Ресей Федерациясының 1930-1950 жылдардағы өнер туындыларымен танысуға мүмкіндік алды.

Испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Ай сәулесі» көрмесі

2023 жылы 15 ақпанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған, испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Ай сәулесі» көрмесінің ашылуы өтеді.

Герман Титовтың «Бірге болу сезімі» атты жеке көрмесі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Герман Титовтың «Бірге болу сезімі» атты жеке көрмесін ұсынады. Көрменің салтанатты ашылуы 2023 жылдың 27-ші қаңтарында сағат 16.00-де өтеді. 

Қазақстан халқына сүйіспеншілікпен – бүкіл әлем ғажайып бояуда

 

2023 жылдың 13 қаңтарында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Тараз қаласының суретшілері Елена Панина мен Диана Шайхеслямованың «Қазақстан халқына сүйіспеншілікпен – бүкіл әлем ғажайып бояуда» атты көрмесі ашылады.

Алпысбай ҚАЗЫҒҰЛОВТЫҢ «Әр алуан әлем» атты жеке көрмесі

2022 жылдың 22 желтоқсан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,