Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Наурыз мерекесі қарсаңында 2024 жылдың 9-16 наурыз аралығында келушілердің назарына Truffle Bee брендінен Säule Арт-инсталяциясы: ұлттық оюлар арқылы ұрпақ арасындағы байланысты зерттеу көрмесін ұсынады.
Säule (қаз. — «сәуле», «жарық») — топтамасы еліміздің бірегей мәдени мұрасының үніне құлақ түріле отырып жасалған. Truffle Bee брендінің алғашқы ұлттық топтамасы — бұл дәстүрімізді визуалды зерттеу, терең тарихы бар ою-өрнектеріміз бүгінгі күн мен өткен, келер шақты байланыстыра, жаңа кейпіне енуінің интерпретациясы. Truffle Bee өз топтамасына айрықша өрнектерді іздестіру барысында ата-бабаларымыздан мұра болып қалған қазақтың дәстүрлі орнаменттерін зерттеген болатын.