Оқиғалар

Мүсінші Сарбасов Даниярдың ERKINDIK атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

        2024 жылғы 7 ақпанында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде мүсінші Сарбасов Даниярдың ERKINDIK атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге мүсіншінің отызға жуық мүсіндік туындылары қойылмақ.

        Жас мүсінші Сарбасов Данияр өзінің ERKINDIK атты алғашқы жеке шығармашылық көрмесін көпшілік назарына ұсынады. Көрменің атауы суретші үшін шығармашылық еркіндіктің, ой еркіндігінің маңыздылығын көрсететін терең мазмұнға ие. Сондай-ақ, көрмеге қойылған осы аттас «Еркіндік» (2020) мүсінінде бір арнаға тоғысқан жылқы мен бүркіттің біртұтас бейнесі еркін қалықтап, осы сезімді ұғынуға жетелейді.  

Әсем Әлем өнер Академиясы аясындағы - «Әлем музейлері» Авторлық дәрістері

Әсем Әлем өнер Академиясы аясындағы - «Әлем музейлері» Авторлық дәрістері

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіндегі еліміздің жетекші өнертанушылары білімге құштар тыңдармандарды әлемнің бейнелеу  өнері музейлеріне визуалды саяхат жасауға шақырады.

Жас суретші Асқар Нұрболаттың ĞALAM атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2024 жылдың 1 ақпанында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде жас суретші Асқар Нұрболаттың ĞALAM атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеде суретшінің елуден астам кескіндемелік туындылары қойылмақ.

Әлемде жағдай шиеленісіп, ертеңгі күн бұлыңғыр болып тұрғанда ішкі жан-дүниеміздегі өзгеріс пен шабыттың жалғыз катализаторы - өнер деп айтса болады. Асқар Нұрболат ұсынатын ĞALAM - сіздің жан дүниеңіздің ішкі қылдарын нәзік шертеді. Әлдебір күйге бөлейді, қолмен ұстай алмайтын шабыт сыйлайды.

«Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы» халықаралық балалар шығармашылығы көрмесінің ашылуы мен байқау жүлдегерлерін марапаттау рәсімі

 «Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы» халықаралық  балалар шығармашылығы көрмесінің ашылуы мен байқау жүлдегерлерін марапаттау рәсімі

 

Аталған балалар шығармашылығының көрмесі «Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы» халықаралық байқауы аясында өткізіліп отыр және бейнелеу өнері тарихындағы кескіндеме шеберлерінің бірі, қазақстандық тұңғыш суретші Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған.

ҚР суретшілер одағының мүшесі, суретші Садығұлов Рақымжан Сейткендірұлының «БҰЛ МЕНІҢ ӘЛЕМІМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылу өтеді.

2024 жылдың 26 қаңтар күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР суретшілер одағының мүшесі, суретші Садығұлов Рақымжан Сейткендірұлының «БҰЛ МЕНІҢ ӘЛЕМІМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылу өтеді. Көрмеге суретшінің әр жылдары жасалған 70-ке жуық  кескіндеме, графика және гобеленнен құралған туындылары ұсынылады.

 

Садығұлов Рақымжан Сейткендірұлы 1947 жылы Луговой кентінде қызметкер отбасында дүниеге келген.  1978 жылы Украина Республикасының Львов қаласындағы Мемлекеттік қолданбалы – сәндік өнер институтын бітірген. Рақымжан Садығұловтың шығармашылығы жан-жақты әртүрлі техникамен, жанрмен, бейнелеу өнерінің түрлілігімен ерекшеленіп, өзінің  қайталанбас жеке қолтаңбасымен айқындалады. Р. Садығұлов  өз шығармашылығымен қатар 30 жылдан астам ұстаздық қызметін де бірге алып жүрген суретші.