2025 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан көшесі, 137) алматылық суретші Светлана Какоткинаның «Бір ғажап күн» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде автордың 80-ге жуық туындысы көпшілік назарына ұсынылады.
Светлана Какоткина Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі бойынша – дизайнер, сәулетші. Бастапқы көркемдік білімін «Классикалық өнер гимназиясында» алған. 2002 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Дизайн» мамандығы бойынша тәмамдаған. Студенттік жылдарынан бастап түрлі байқаулар мен көрмелерге қатысып, шығармашылық белсенділік танытты.