Оқиғалар

«Құдіретім – ҚЫЛҚАЛАМ!» көрмесі

2021 жылдың 17 қыркүйек күні сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР СО, және Евразиялық СО мүшесі, ҚР Көркемсурет Академиясының академигі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Жанұзақ Мүсәпірдің «Құдіретім – ҚЫЛҚАЛАМ!» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Аталған көрмені суретші Қазақстан Республикасының 30-жылдығы, Жолбарыс би Жылқайдарұлының 350-жыл толуына, ҚР Көркем Академиясының 15-жылдығына, сондай-ақ шығармашылығының 40-жылдығы мен өзінің 60 жасқа толуы сынды бірнеше мерейтойға арнап отыр

Николай Константинович Рерихтің «Рухтың шыңдары» атты көрмесі

2021 жылдың 16 қыркүйегі күні сағат 16.00 де Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-інде орыстың әлемге белгілі суретшісі Николай Константинович Рерихтің (1874-1947)  «Рухтың шыңдары» атты көрмесі ашылады.

Светлана Какоткинаның «Терезеден тыс көрініс» атты көрмесі

2021 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 16.00 -де Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік Өнер музейінің Орталық Көрме залында Алматылық суретші Светлана Какоткинаның «Терезеден тыс көрініс» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге суретшінің 90 -нан астам кескіндеме және графикалық жұмыстары қойылған.

«Өнер фонтаны» көрмесі

2021 жылы 14 қыркүйек күні сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Орталық көрме залында американдық суретші Шри Чинмойдың «Сұлулықта өмір сүру өнері» атты шеберлік сағаты және «Өнер фонтаны» көрмесінің ашылуы өтеді.

«Минотаврлар марафоны» атты жеке көрмесі

2021 жылдың 7 қыркүйек күні сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті суретші Қайырбай Зәкірұлының туғанына 75 жыл толуына және шығармашылығына 50 жыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ҚР Көркем академиясының 15 жылдығына арналған «Минотаврлар марафоны» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.