Оқиғалар

Cуретші ТЕМЕРЛАН НҰРТАЗИНДІ (1974-2022) еске алуға арналған көрме өтеді.

2024 жылғы 29 қазан күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында суретші ТЕМЕРЛАН НҰРТАЗИНДІ  (1974-2022) еске алуға арналған көрме өтеді.

Экспозицияда суретшінің 40 шығармасы ұсынылған. Бұл көрмені суретшінің анасы Сания Шайхина және ағасы мен туған ұлы ұйымдастырды. Олардың мақсаты суретшіні есте қалдырып,  оның өмір жолын елдің есінде мейлінше ұзақ  сақтау.  Себебі, Темерлан өз іс-әрекетімен анасы мен туыстарының өмірге деген құштарлығын оята білді. Жалпы, адам баласы ол туралы естелік бар кезде мәңгі тірі болмақ!

Мәлік Қайдаров және оның шәкірттерінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Дара жол» атты көрменің ашылуы болады.

2024 жылдың 30 қазан күні сағат 16.00-де Әбілхан  Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Мәлік Қайдаров және оның шәкірттерінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Дара жол» атты көрменің ашылуы болады.

Көрмеге Мәлік Қайдаровпен қатар 12 суретші қатысып, экспозицияға  60 астам туынды ұсынылды. Олар: Ерлан Сейілхан, Сұлтан Аманжол, Ернат Иманбакиев, Айдос Сейдақұл, Маржан Авдылманапова, Балнар Абиолла, Қанат Алманбетов, Ырысгүл Оханова, Элена Фурса, Руслан Дайырбеков, Дидар Кайдаров, Талғат Жанасылов.

Mетамодернист суретші Aruhan-ның (Гаухар Бисенғалиева) «Ұлы Дала мұрасы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 1 қарашада сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде метамодернист суретші Aruhan-ның (Гаухар Бисенғалиева) «Ұлы Дала мұрасы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

«Ұлы дала мұрасы»  көрмесі келушілерді өнердегі дәстүр мен қазіргі заманның тоғысқан тұсында бірегей зерттеу жасауға шақырады. Aruhan киіз өнеріндегі жаңашылдығымен танылып, осы көне материалды Ұлы даланың мол мұрасын паш ету үшін пайдаланады. Суретшінің шығармашылығында ата-бабаларымыздың салт-дәстүрімен байланысын тереңдете түсетін мәдени мұра мен рухани күштің символы – ұлттық қазақ кілемі басты орынды алады.

Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВТЫҢ «СУРЕТШІ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ. ДӘУІР БЕЙНЕЛЕРІ» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2024 жылдың 6 қараша күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВТЫҢ «СУРЕТШІ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ. ДӘУІР БЕЙНЕЛЕРІ» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 15:00-де БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры өтеді. Сонымен қатар, Нұрмұхаммедовтың 100 жылдық мерейтойын атап өтуде суретші тұрған үйде мемориалдық тақта ашылады және дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Қылқалам шеберінің туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық көрме суретшінің негізгі туындыларын ұсынады. Нұрмұхаммедов қырық жылға жуық шығармашылығында артында үлкен мұра қалдырды. Үздік туындылары оны кең тақырыпты, ауқымды көзқарасты суретші ретінде танытады.

15 қазан күні «Цифрлық күз: болашақты өзгерту» атты француз цифрлық өнер фестивалі Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне оралады.

15 қазан күні «Цифрлық күз: болашақты өзгерту» атты француз цифрлық өнер фестивалі Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне оралады.

 

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде «Цифрлық күз» фестивалінің үшінші шығарылымы 2024 жылғы 15-27 қазан аралығында өтеді.

«Цифрлық күз» – бұл Францияның сандық өнер және инновация саласындағы үздік жұмыстарын көрсететін жыл сайынғы кросс-мәдени өңірлік фестиваль. Фестивальді Франция Елшілігі мен Француз институты Less Media Group агенттігі мен Француз Альянсының қолдауымен ұйымдастырды.