Оқиғалар

«Street Layers» атты заманауи өнерге арналған топтық көрменің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 12 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Street Layers» атты заманауи өнерге арналған топтық көрменің ашылуы өтеді.

 

Көрме қала тіршілігін, визуалды ырғақ пен кеңістікті өзінше қабылдау тақырыбын әр қырынан қайта пайымдайтын бес суретшіні біріктіреді. Экспозицияда кескіндеме, фотосурет, акрил және гобелен секілді қазіргі заманғы және дәстүрлі бейнелеу тәсілдері ұсынылады.

Көрменің негізгі назар аударарлық тұсы – Лондонда жұмыс істейтін суретші Омар Даньял Бюйюктосунның фотожобасы. Ол ақ -қара пленка мен үздіксіз экспозиция техникасы арқылы қаланың визуалды ырғақтарын зерттейді. «Street Layers» сериясында суретші қала көрінісінің фрагменттерін үсті-үстіне үйлестіре отырып, сәулет, уақыт пен жадының біртұтас визуалды ағында қалай  тоғысатынын көрсетеді.

Катя Школьниктың «Уақыт туралы Манифест» атты иммерсивті мультимедиялық инсталляциясы ұсынылады.

2025 жылдың 12 маусымынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Катя Школьниктың «Уақыт туралы Манифест» атты иммерсивті мультимедиялық инсталляциясы ұсынылады.

Пресс-тур 11 маусым 15:00-де өтеді.

Бұл жаңашыл көрме дәстүрлі өнер түрлерінің шегінен шығып, келушілерге уақыт, адам назарын және өсіп келе жатқан виртуалды кеңістік арасындағы дамып келе жатқан қатынастар туралы ойлануға мүмкіндік береді, сонымен қатар тартымды және мультисенсорлы тәжірибе ұсынады.

«Бұл иммерсивті мультимедиялық инсталляция Уақыт ұғымын, қазіргі әлемдегі ең құнды ресурс ретінде, түсінуге бағытталған. Автор видео-перформанс және 3D art арқылы бүгінгі өмірдің ұстанымдары мен құндылықтарын түсіндіруге тырысады. Қазіргі заманғы адамды бізге қарапайым көрінетін мәселелерге назар аударуға шақырады, бүгінгі күнді қалай өткізуіміз керек деген көзқарастарды қайта ойластыруға талпынады», – деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің директоры Жұмабекова Гулаим Мұсағұловна.

«Су жолы: мұз, өзендер және шөлдер тарихы» атты Халықаралық фотокөрмесі ашылады.

2025 жылғы 5 маусымынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Су жолы: мұз, өзендер және шөлдер тарихы» атты Халықаралық фотокөрмесі ашылады.

Көрмеге әлемнің әр түкпірінен 22 фотографтың су ресурстарының біртіндеп жойылуы тақырыбына арналған фотосуреттері ұсынылған. «Бұл көрменің мақсаты – қазіргі заман өкілдерінің назарын осы маңызды мәселеге аудару. Мұздықтардың, қар мен мұздың климаттық жүйедегі өмірлік маңызы туралы түсініктерді арттыру, сондай-ақ олардың жылдам еруінің болашақтағы салдарлары туралы түсінік беру», - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлайым Мұсағұлқызы Жұмабекова.

«Жанасу» атты ерекше көрменің ашылуы өтеді. Көрмені Пастелистер қоғамы ұйымдастырды.

2025 жылдың 3 маусымында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Жетоқсан 137) «Жанасу» атты ерекше көрменің ашылуы өтеді. Көрмені Пастелистер қоғамы ұйымдастырды.

«Жанасу» көрмесі — бұл Пленер Пастел қоғамы ұйымдастырған республикалық көрме. Көрмеге қатысушылар пастелді нағыз құштарлықпен меңгерген, өздерінің шығармашылығында бұл материалды пайдалана отырып, өзіндік даралығын, әлемді қабылдауын білдіретін суретшілер.

Балалар сән әлеміндегі көптен күткен оқиға — республикалық Junior Models Show жобасының 11 маусымы өтеді.

2025 жылғы 1 маусымда 13:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде балалар сән әлеміндегі көптен күткен оқиға — республикалық Junior Models Show жобасының 11 маусымы өтеді. 2019 жылы негізі қаланған бұл жоба жылдар бойы балалар сәнін дамыту мен жас модельдердің талантын ашуға арналған маңызды платформаға айналды.

Junior Models Show: 11-маусым — сән, шабыт және мейірімділік.

Junior Models Show жылына екі рет өткізіліп, Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Петропавл, Семей және т.б. алты және одан да көп қалалардан 100-ден астам қатысушыны біріктіреді. Осындай кең географиялық қамтудың арқасында жоба республикалық мәртебеге ие.