Оқиғалар

Ұстап көретін фотосуреттер: Алматыда зағип және нашар көретін өнер сүйер жандарға арналған «Көрінбейтін әлем» атты ерекше көрме өтеді.

Ұстап көретін фотосуреттер: Алматыда зағип және нашар көретін өнер сүйер жандарға арналған «Көрінбейтін әлем» атты ерекше көрме өтеді. Көрменің ашылу салтанаты 2024 жылғы 24 қыркүйекте сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) өтеді.

 

Canon компаниясы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінің қолдауымен Қазақстанда көру қабілеті бұзылған адамдар мен көздері жақсы көретін жандар арасындағы шекараны жою мақсатында «Көрінбейтін әлем» көрмесінің өтетіндігін мақтанышпен жариялайды. Алматыда алғаш рет өтетін бұл оқиға инклюзивтілік жолындағы және заманауи өнер мен технологиялар әлемді әртүрлі қабылдауға  қарамастан адамдарды қалай біріктіре алатынын түсінуге маңызды қадам болмақ.

Қазақстандағы Қытай түрлі-түсті кескіндемесінің «Жібек жолында армандар құру – 2024» атты халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге 20-дан астам қытай суретшілерінің жұмыстары қойылады.

2024 жылдың 22 қыркүйек күні сағат 11:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстандағы Қытай түрлі-түсті кескіндемесінің «Жібек жолында армандар құру – 2024» атты халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге 20-дан астам қытай суретшілерінің жұмыстары қойылады.

 

«Жібек жолы» халықаралық мәдени алмасу орталығы «Қазақстан-Қытай көркем және мәдени алмасу - Бір белдеу, бір жол» аясында Қазақстанда «Ұлы Жібек жолында армандар құру - 2024» атты халықаралық қытай кескіндемесінің көрмесін көрермен назарына ұсынады. Аталмыш көрме Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара көркем тәжірибе алмасуға назар аудара отырып, екі ел арасындағы мәдени байланыстың алаңы болып табылады, сонымен қатар екі елдің ортақ мұрасына, қазіргі шығармашылығына назар аударуға мүмкіндік береді.

Белгілі зергер, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Серікқали Көкеновтың «Жаңғырту» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

2024 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі зергер, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Серікқали Көкеновтың  «Жаңғырту» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

            Көкенов Серікқали Байғалиұлы1964 жылы Шығыс Қазақстан обылысы, Ұржар ауданы, Қарақол ауылында дүниеге келді. Суретші-зергер 1989 жылы Алтатының Н.В.Гоголь атындағы көркем сурет училищесінің (қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжі) сәндік қолданбалы өнер факультетінің, театр декорациясы мамандығын тәмәмдады. ҚР қолөнершілер Одағының мүшесі. Көптеген Республикалық жане шетелдік көрмелік жобалардың қатысушысы.

Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаевтың «Шектеусіз шығармашылық» атты жеке көрмесі өтеді.

2024 жылдың 5 қыркүйегінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоксан, 137) Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаевтың «Шектеусіз шығармашылық» атты жеке көрмесі өтеді.

Ресми ашылуы 2024 жылдың 10 қыркүйегінде 16.00-де.

Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаев 1963 жылы дүниеге келген.  Өмірінің елеулі бөлігін халыққа қызмет етуге, олардың тәнін сауықтыруға арнаған Нұрлан Темірбекұлы өзінің өмірі мен қызметінің жаңа кезеңіне қадам басты – бұл да халыққа қызмет ету, бірақ өнер арқылы олардың жанын, жүрегін өзінің сұлулығымен, шынайылығымен емдейді. Негізгі мамандығы бойынша Нұрлан Темірбекұлы – хирург, профессор, медицина ғылымдарының докторы. Оның ғылыми еңбектері тоғыз монографияда, он оқу-әдістемелік құралда және жүз отыздан астам ғылыми басылымдарда көрініс тапқан.

«Еркін суретшілер бірлестігі» ұйымының қолдауымен Латиф Қазбековтың «Қағаз әлемдері» және Андрей Бистидің «Темір мысқыл» атты экспозицияларының вернисажы өтеді.

2024 жылғы 5 қыркүйекте сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік өнер музейінде «Еркін суретшілер бірлестігі» ұйымының қолдауымен Латиф Қазбековтың «Қағаз әлемдері» және Андрей Бистидің «Темір мысқыл» атты экспозицияларының вернисажы өтеді. Көрмеге авторлық қағаздағы 111 акварельді, бедерлі композициялар мен тушь суреттері, иллюстрациялар, сондай-ақ                40 мүсін қойылады.

Авторлар мен ұйымдастырушылардың баспасөзбен кездесуі 15:00-де.

«Жарқын жеке шығармашылық қолтаңбасы бар қазіргі заманғы ресейлік танымал шеберлердің бұл көрмесі біздің мемлекеттер арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір маңызды кезеңі болады» - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️Ұлттық домбыра күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің көркем залдарында түсірілген музыкалық-поэтикалық перформансты назарларыңызға ұсынамыз.

Ұлттық өнерімізді дәріптеп, қасиетті қара домбырамыздың үнін кеңінен насихаттау мақсатында әнші Венера Уразбекова домбырашы Шолпан Нугуманованың сүйемелдеуімен қазақтың халық әнін заманауи өңдеуде орындады.

Күй мен ән, поэзия мен бейнелеу өнері тоғысқан бұл жоба ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, төл мәдениетіміздің терең болмысын жаңа қырынан танытады.

⚜️В честь Национального дня домбры представляем вашему вниманию музыкально-поэтический перформанс, снятый в экспозиционных залах Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева.

С целью популяризации национального искусства и широкого прославления священной казахской домбры певица Венера Уразбекова в сопровождении домбристки Шолпан Нугумановой исполнила казахскую народную песню в современной аранжировке.

Этот проект, объединивший кюй и песню, поэзию и изобразительное искусство, раскрывает национальные ценности и позволяет по-новому взглянуть на глубину и богатство традиционной казахской культуры. ⚜️Ұлттық домбыра күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің көркем залдарында түсірілген музыкалық-поэтикалық перформансты назарларыңызға ұсынамыз. Ұлттық өнерімізді дәріптеп, қасиетті қара домбырамыздың үнін кеңінен насихаттау мақсатында әнші Венера Уразбекова домбырашы Шолпан Нугуманованың сүйемелдеуімен қазақтың халық әнін заманауи өңдеуде орындады. Күй мен ән, поэзия мен бейнелеу өнері тоғысқан бұл жоба ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, төл мәдениетіміздің терең болмысын жаңа қырынан танытады. ⚜️В честь Национального дня домбры представляем вашему вниманию музыкально-поэтический перформанс, снятый в экспозиционных залах Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева. С целью популяризации национального искусства и широкого прославления священной казахской домбры певица Венера Уразбекова в сопровождении домбристки Шолпан Нугумановой исполнила казахскую народную песню в современной аранжировке. Этот проект, объединивший кюй и песню, поэзию и изобразительное искусство, раскрывает национальные ценности и позволяет по-новому взглянуть на глубину и богатство традиционной казахской культуры. ⚜️ Ұлттық рухтың, төл мәдениетіміз бен бай мұрамыздың айшықты белгісі – Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

🔹 Домбыра – ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың асыл қазынасы, ұлттың болмысын, тарихын, салт-дәстүрі мен дүниетанымын күй тілі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан баға жетпес рухани мұра.

🔹 Ұлттық домбыра күні – ұлттық өнерімізді ұлықтап, мәдени құндылықтарымызды дәріптеуге, жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіруге және дәстүр сабақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды мереке.

Осынау айтулы күні әр шаңырақта күмбірлеген күйдің үні жаңғырып, халқымыздың рухы асқақтай берсін! Еліміздің бірлігі бекем, мерейі үстем болып, домбыраның қоңыр үні мәңгілік жаңғыра берсін!

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

⚜️ Поздравляем с Национальным днём домбры — символом национального духа, самобытной культуры и бесценного наследия!

🔸 Домбра — это голос веков, золотая нить, соединяющая прошлое и настоящее. В её звучании отражаются история, традиции, мировоззрение и душа народа, передаваемые из поколения в поколение.

🔸 Национальный день домбры — это важный праздник, призванный сохранять и популяризировать национальное искусство, воспитывать уважение к культурному наследию и укреплять преемственность поколений.

Пусть в этот знаменательный день в каждом доме звучат вдохновляющие мелодии кюев, наполняя сердца гордостью за родную землю, единством и любовью к своей культуре.

Пусть домбра всегда остаётся символом национального духа, а её благородное звучание прославляет казахский народ и его богатое культурное наследие!

С праздником —  с Национальным днём домбры! ⚜️ Ұлттық рухтың, төл мәдениетіміз бен бай мұрамыздың айшықты белгісі – Ұлттық домбыра күні құтты болсын! 🔹 Домбыра – ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың асыл қазынасы, ұлттың болмысын, тарихын, салт-дәстүрі мен дүниетанымын күй тілі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан баға жетпес рухани мұра. 🔹 Ұлттық домбыра күні – ұлттық өнерімізді ұлықтап, мәдени құндылықтарымызды дәріптеуге, жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіруге және дәстүр сабақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды мереке. Осынау айтулы күні әр шаңырақта күмбірлеген күйдің үні жаңғырып, халқымыздың рухы асқақтай берсін! Еліміздің бірлігі бекем, мерейі үстем болып, домбыраның қоңыр үні мәңгілік жаңғыра берсін! Ұлттық домбыра күні құтты болсын! ⚜️ Поздравляем с Национальным днём домбры — символом национального духа, самобытной культуры и бесценного наследия! 🔸 Домбра — это голос веков, золотая нить, соединяющая прошлое и настоящее. В её звучании отражаются история, традиции, мировоззрение и душа народа, передаваемые из поколения в поколение. 🔸 Национальный день домбры — это важный праздник, призванный сохранять и популяризировать национальное искусство, воспитывать уважение к культурному наследию и укреплять преемственность поколений. Пусть в этот знаменательный день в каждом доме звучат вдохновляющие мелодии кюев, наполняя сердца гордостью за родную землю, единством и любовью к своей культуре. Пусть домбра всегда остаётся символом национального духа, а её благородное звучание прославляет казахский народ и его богатое культурное наследие! С праздником — с Национальным днём домбры! ⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылу салтанаты өтті.

🔹Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі.

🔸Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады. 

🔺Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады.
 
📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult
Көрме кураторы – Рамина Дембаева ⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылу салтанаты өтті. 🔹Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі. 🔸Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады. 🔺Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады. 📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult Көрме кураторы – Рамина Дембаева ⚜️Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық болмысының ажырамас белгісі. Оның қоңыр үні ғасырлар бойы елдің тарихын, қуанышы мен мұңын, салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.

🔸Осы айтулы мерекеге орай назарларыңызға ұсынылып отырған бейнероликте музейіміздің аға есепшісі, ақын Грибенчикова Зоя Ивановна өзінің жүрек төрінен туған жыр шумақтарын оқиды. Поэзияның әсерлі үнін домбыраның қоңыр сазымен музейіміздің жетекші экскурсоводы, домбырашы Нугуманова Шолпан Мұхаметқалиқызы сүйемелдейді.

🔸Өнердің әр саласын тоғыстырған бұл музыкалық-поэтикалық перформанс ұлттық құндылықтарымызға тағзым етіп, домбыраның мәңгілік рухын, қазақ өнерінің терең тамыры мен рухани сабақтастығын дәріптеуге арналған.

⚜️Домбра — неотъемлемый символ духовного наследия и национальной самобытности казахского народа. Её глубокое, проникновенное звучание на протяжении веков бережно хранит и передаёт историю народа, его радости и печали, традиции и культурные ценности.

🔹В видеоролике, подготовленном к Национальному дню домбры, старший бухгалтер музея, поэтесса Грибенчикова Зоя Ивановна читает проникновенные строки собственного стихотворения. Музыкальное сопровождение на домбре исполняет ведущий экскурсовод музея, домбристка Нугуманова Шолпан Мухаметкалиевна, создавая гармоничное единство поэтического слова и звучания национального инструмента.

🔹Этот музыкально-поэтический перформанс, объединивший разные виды искусства, является данью уважения национальным ценностям и призван прославить вечный дух домбры — одного из главных символов казахской культуры.

@madeniet__aqparat__ministrligi
@aida_balayeva ⚜️Домбыра – халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық болмысының ажырамас белгісі. Оның қоңыр үні ғасырлар бойы елдің тарихын, қуанышы мен мұңын, салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. 🔸Осы айтулы мерекеге орай назарларыңызға ұсынылып отырған бейнероликте музейіміздің аға есепшісі, ақын Грибенчикова Зоя Ивановна өзінің жүрек төрінен туған жыр шумақтарын оқиды. Поэзияның әсерлі үнін домбыраның қоңыр сазымен музейіміздің жетекші экскурсоводы, домбырашы Нугуманова Шолпан Мұхаметқалиқызы сүйемелдейді. 🔸Өнердің әр саласын тоғыстырған бұл музыкалық-поэтикалық перформанс ұлттық құндылықтарымызға тағзым етіп, домбыраның мәңгілік рухын, қазақ өнерінің терең тамыры мен рухани сабақтастығын дәріптеуге арналған. ⚜️Домбра — неотъемлемый символ духовного наследия и национальной самобытности казахского народа. Её глубокое, проникновенное звучание на протяжении веков бережно хранит и передаёт историю народа, его радости и печали, традиции и культурные ценности. 🔹В видеоролике, подготовленном к Национальному дню домбры, старший бухгалтер музея, поэтесса Грибенчикова Зоя Ивановна читает проникновенные строки собственного стихотворения. Музыкальное сопровождение на домбре исполняет ведущий экскурсовод музея, домбристка Нугуманова Шолпан Мухаметкалиевна, создавая гармоничное единство поэтического слова и звучания национального инструмента. 🔹Этот музыкально-поэтический перформанс, объединивший разные виды искусства, является данью уважения национальным ценностям и призван прославить вечный дух домбры — одного из главных символов казахской культуры. @madeniet__aqparat__ministrligi @aida_balayeva ⚜️2026 жылдың 2 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылды.

🔸Қылқалам шеберінің шығармашылығында пейзаж жанры айрықша орын алады. Оның картиналарынан табиғатпен үндескен тыныштық, сыршыл көңіл күй мен терең ой аңғарылады. Әсіресе, қыс мезгіліне арналған пейзаждары көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Суретші табиғат көріністерін қарапайым бейнелеп қана қоймай, оны адамның рухани әлемімен сабақтастыра отырып жеткізеді. Қысқы табиғаттың үнсіздігі мен сұлулығын бейнелей отырып, адамның жан дүниесіндегі тыныштықты, сағыныш пен жылылықты нәзік бере алады. Оның «Қысқы орман» (2000 ж.), «Тыныштық» (2006 ж.) сынды туындыларында табиғаттың сабырлы қалпы мен қыстың ерекше әсемдігі анық байқалады. «Ауылдағы қыс» (2004 ж., 2015 ж.) атты туындылары суретшінің шығармашылық болмысын айқындап, оның өзіндік қолтаңбасын нақты танытады.
Серікбай Әлжан шығармаларының маңызды бөлігі қазақ халқының тарихы мен рухани мұрасына арналған. 

🔹Суретші портрет жанрында да өзін таныта алды. Автор қазақ зиялыларының бейнелеріне де ерекше көңіл бөлген. Оның қылқаламынан туған Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» желісіндегі портреті, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» тақырыбындағы туындысы, Сәкен Сейфуллин және өзге де тарихи тұлғалардың образдары ұлттық руханияттың көркем шежіресі деуге болады. 2021 жылы ХІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсының «Абай және Жамбыл әлемі жас суретшілер көзімен» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған үздік көркемсурет туынды номинациясы бойынша «Абайдың қара сөздері» туындысы І орынға ие болды.

🔺«Суретшінің толғауы» атты көрмесі  автордың шығармашылық әлеміне терең бойлап, ұлттық өнердің көркемдік қуатын сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды мәдени оқиға.

📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.
Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия ⚜️2026 жылдың 2 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылды. 🔸Қылқалам шеберінің шығармашылығында пейзаж жанры айрықша орын алады. Оның картиналарынан табиғатпен үндескен тыныштық, сыршыл көңіл күй мен терең ой аңғарылады. Әсіресе, қыс мезгіліне арналған пейзаждары көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Суретші табиғат көріністерін қарапайым бейнелеп қана қоймай, оны адамның рухани әлемімен сабақтастыра отырып жеткізеді. Қысқы табиғаттың үнсіздігі мен сұлулығын бейнелей отырып, адамның жан дүниесіндегі тыныштықты, сағыныш пен жылылықты нәзік бере алады. Оның «Қысқы орман» (2000 ж.), «Тыныштық» (2006 ж.) сынды туындыларында табиғаттың сабырлы қалпы мен қыстың ерекше әсемдігі анық байқалады. «Ауылдағы қыс» (2004 ж., 2015 ж.) атты туындылары суретшінің шығармашылық болмысын айқындап, оның өзіндік қолтаңбасын нақты танытады. Серікбай Әлжан шығармаларының маңызды бөлігі қазақ халқының тарихы мен рухани мұрасына арналған. 🔹Суретші портрет жанрында да өзін таныта алды. Автор қазақ зиялыларының бейнелеріне де ерекше көңіл бөлген. Оның қылқаламынан туған Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» желісіндегі портреті, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» тақырыбындағы туындысы, Сәкен Сейфуллин және өзге де тарихи тұлғалардың образдары ұлттық руханияттың көркем шежіресі деуге болады. 2021 жылы ХІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған онлайн-конкурсының «Абай және Жамбыл әлемі жас суретшілер көзімен» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған үздік көркемсурет туынды номинациясы бойынша «Абайдың қара сөздері» туындысы І орынға ие болды. 🔺«Суретшінің толғауы» атты көрмесі автордың шығармашылық әлеміне терең бойлап, ұлттық өнердің көркемдік қуатын сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды мәдени оқиға. 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия ⚜️2026 жылдың 7–17 шілде күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қабырғасында суретші Александр Дильбазидің «Анар бағы» атты жеке көрмесі өтеді. Бұл – автордың дүниетанымы мен философиялық көзқарасын кескіндеме тілі арқылы танытатын ауқымды халықаралық жоба. Көрменің бас демеушісі – КазКонтракт компаниясы.

🔺«Анар бағы» - жай ғана көрме емес, жылдар бойы өзгеріп, толығып, жаңа сипатқа ие болып келе жатқан, елдер мен мәдениеттерді, сондай-ақ көрермендерді өзара тоғыстыратын нағыз көркемдік жүйе.

🔺Жобаның тарихы 2015 жылы The Ritz-Carlton Moscow қонақүйінде өткен «Анар қашан гүлдейді?» атты топтамадан бастау алады. Сол кезде он бес картинадан тұратын топтама алғаш рет біртұтас көркемдік тұжырым ретінде көпшілік назарына ұсынылды. Өткен он жыл ішінде жоба талай рет түрлі кеңістіктерде таныстырылып, картиналар әлемнің түкпір-түкпірін аралады. Экспозиция үнемі жаңа туындылармен, тың бояулармен, жаңа сюжеттермен және терең философиялық ой-толғамдармен толықтырылып отырды.

🔺Әрбір жаңа көрме өзінің негізгі идеялық өзегін сақтай отырып, көрерменмен сұхбат құрудың өзгеше формасына ие болды. Уақыт өте келе жоба дәстүрлі көрме шеңберінен шығып, кескіндеме, кеңістік пен көрермен біртұтас көркем әрекетке айналатын «көрме-қойылым» сипатына ие болды. Осылайша анар ағаштарының бейнесі біртіндеп «Анар бағына» айналды.

🔺Сондықтан көрменің Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтуі ерекше мәнге ие. Алматыдағы бұл көрме суретшінің осы қаламен байланысқан көпжылдық жеке әрі шығармашылық тарихының заңды жалғасы болып табылады.

🔺Көрмені ұйымдастырушылар барша өнерсүйер қауымды «Анар бағы» көрмесіне келіп, кескіндеме естелікке, ал естелік уақытпен үндескен жанды сұхбатқа айналатын ерекше көркем кеңістіктің бір бөлшегі болуға шақырады.
 
📌Көрме кураторлары -  Екатерина Дильбази, Емангалиева К.А ⚜️2026 жылдың 7–17 шілде күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қабырғасында суретші Александр Дильбазидің «Анар бағы» атты жеке көрмесі өтеді. Бұл – автордың дүниетанымы мен философиялық көзқарасын кескіндеме тілі арқылы танытатын ауқымды халықаралық жоба. Көрменің бас демеушісі – КазКонтракт компаниясы. 🔺«Анар бағы» - жай ғана көрме емес, жылдар бойы өзгеріп, толығып, жаңа сипатқа ие болып келе жатқан, елдер мен мәдениеттерді, сондай-ақ көрермендерді өзара тоғыстыратын нағыз көркемдік жүйе. 🔺Жобаның тарихы 2015 жылы The Ritz-Carlton Moscow қонақүйінде өткен «Анар қашан гүлдейді?» атты топтамадан бастау алады. Сол кезде он бес картинадан тұратын топтама алғаш рет біртұтас көркемдік тұжырым ретінде көпшілік назарына ұсынылды. Өткен он жыл ішінде жоба талай рет түрлі кеңістіктерде таныстырылып, картиналар әлемнің түкпір-түкпірін аралады. Экспозиция үнемі жаңа туындылармен, тың бояулармен, жаңа сюжеттермен және терең философиялық ой-толғамдармен толықтырылып отырды. 🔺Әрбір жаңа көрме өзінің негізгі идеялық өзегін сақтай отырып, көрерменмен сұхбат құрудың өзгеше формасына ие болды. Уақыт өте келе жоба дәстүрлі көрме шеңберінен шығып, кескіндеме, кеңістік пен көрермен біртұтас көркем әрекетке айналатын «көрме-қойылым» сипатына ие болды. Осылайша анар ағаштарының бейнесі біртіндеп «Анар бағына» айналды. 🔺Сондықтан көрменің Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтуі ерекше мәнге ие. Алматыдағы бұл көрме суретшінің осы қаламен байланысқан көпжылдық жеке әрі шығармашылық тарихының заңды жалғасы болып табылады. 🔺Көрмені ұйымдастырушылар барша өнерсүйер қауымды «Анар бағы» көрмесіне келіп, кескіндеме естелікке, ал естелік уақытпен үндескен жанды сұхбатқа айналатын ерекше көркем кеңістіктің бір бөлшегі болуға шақырады. 📌Көрме кураторлары - Екатерина Дильбази, Емангалиева К.А
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ