Оқиғалар

«Ұлыстың рухы» атты Наурыз мерекесіне шақырамыз

2023 жылдың 22 наурыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік өнер музейі

«Ұлыстың рухы» атты Наурыз мерекесіне шақырады!

Ибрагим Кубековтың жеке көрмесі

2023 жылы 16 наурызда сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы

ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Ибрагим Кубековтың жеке көрмесі ашылады

«Алтынның сынығы, асылдың тұяғы» атты Қожықовтар династиясы көрмесі

2023 жылдың 14 наурыз күні, сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, кинорежиссер Сұлтанахмет Қожыковтың туғанына 100 жыл мерейтойына орай «Алтынның сынығы, асылдың тұяғы» атты Қожықовтар династиясы көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

«Көктем өрнегі» көрмесі

2023 жылғы 3 наурызынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Наурыз мерекесіне арналған «Көктем өрнегі» көрмесі көрермен назарына ұсынылады.

Ресей Федерациясының 1960 жылдардағы өнері. Кескіндеме, графика, мүсін

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорынан дайындалған посткеңестік республикалар туындыларының көрмесі ұсынылған экспозициямен аяқталады. Жоба 2017 жылы басталған болатын. Көрермен Балтық, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Украина, Молдова, Беларусь шеберлерінің шығармашылығымен қатар, Ресей Федерациясының 1930-1950 жылдардағы өнер туындыларымен танысуға мүмкіндік алды.