2026 жылдың 12 мамырында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында белгілі қазақстандық апалы-сіңлілі суретшілер - Ғалия және Балхия Құсаиыновалардың «ҮШ ӨЗЕК» атты көрмесінің ашылуы өтеді.
2026 жылдың 16 мамырында сағат 16:00-00:00 аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Халықаралық музей күніне орай жыл сайын өтетін дәстүрлі «Музей түні - 2026» мәдени- ағартушылық акциясы ұйымдастырылады. 2026 жылға арналған ИКОМ ұсыныстарына сәйкес кештің тақырыбы – «Әлемдер тоғысқан музейлер».
Оксана Танскаяның «Мәдени эвакуация» атты авторлық дәрісіне шақырамыз. Іс-шара Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған.
Дәріс барысында Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Алматы қаласының тарихы сөз болады. Сол жылдары Алматы бүкілодақтық тылға айналып, эвакуацияның ірі орталығы ретінде қарқынды дамып, нағыз «мәдени төңкерісті» бастан өткерді.
Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Замана айғағы. Жұлдызды есімдер. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қожықовтар әулеті» тақырыбындағы дискурс өтеді.
2026 жылдың 1-19 мамыр күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде KazakhYuvelir тарихи зергерлік үйінің ұйымдастыруымен «Парыз топографиясы» жобасы аясында көрме өтеді.






