2024 жылдың 11 маусымында сағат 16:00-де
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматы Технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасы оқытушыларының «Уақыттың назарында» атты көрмесі ашылады
«Уақыт назарында» көрмесі тоғыз кәсіби суретшіні, Алматы Технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасының оқытушыларын біріктірді, олардың ішінде: Алданаева Айсұлу, Бектиярова Жәмила, Төремұратова Ғалия, Әлиасқарова Айгүл, Джураева Гүлшат, Кеңесбек Жадыра, Әбілқаламова Камиля , Алданаева Томирис, Ердинбекова Әлия . Көрмеге олар кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнердің 80-нен астам туындыларын ұсынды.