2024 жылдың 10 қаңтар айында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде суретші Ирина Губаның «Түс пішіні» көрмесінің ашылуы өтеді.
Ирина Губа заманауи импрессионизмді барынша қызықты етіп көрсетеді. Көрмеге қойылған суретшінің 30-дан астам картинасы түрлі-түсті симфония мен эмоционалды импульсті бейнелейді. Пастозды және тығыз пішіндерге айналдырылған майлы кескіндеме техникасы түстің әсемдігіне бірегей ерекшелік береді. Картиналардан таңғажайып жеңілдік, ерекше және толғандыратын әсерді сезінуге болады.