2024 жылғы 28 наурызынан бастап, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Литва Республикасының Алматыдағы Бас консулдығымен бірлесіп 11 наурыз – Литваның тәуелсіздігін қалпына келтіру күніне орай литвалық көркем қағаз қию шебері Клайдас Навицкастың көрмесін ұсынады.
Көрмеде Литва шеберінің 56 туындысы бар – қағаздан әдемі кесілген таңғажайып, символдық және сәндік әлем. Клайдас Навицкас – дәстүрлі қолөнердің танымал шебері, 1991 жылдан бастап Литва халық суретшілері қауымдастығының мүшесі. 1962 жылы Расейняй қаласында дүниеге келген, қазіргі уақытта Литва Республикасы, Григишкес, Вильнюс қаласында тұрады және жұмыс істейді.