Алматының орталық көрме залы мен Plan В галереясы алматылықтар мен қала қонақтарын «НейроҚазақстан-2024» жаңа көрме жобасы аясында ашылған Алматыдағы ең инновациялық өнер көрмесін тамашалауға шақырады. Көрменің экспозициясы Қазақстанның көзқарасын жасанды интеллект көзімен көрсететін 120-дан астам картинадан тұрады. Жоба қонақтары еліміздің табиғаты, сәулеті, тағамдары, нейрондық желілердің көмегімен жасалған материалдық мәдениет элементтері туралы балама шолуды көре алады.
2024 жылдың 5 наурызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «СОНДАЙ ЖАҚЫН БАЛИ АРАЛЫ» атты фотокөрменің ашылуы өтеді.
«Сондай жақын Бали аралы» атты фотокөрмесі танымал қазақстандық фотограф Валерий Коренчуктың объективі арқылы көрермендерге сан қырлы және жұмбақ аралдың ғажайып әлемін ашады. Әрбір кадр сол жердің сыры мен ғажайыбын бейнелейді, әр жұмысы әлемді өзінің қайталанбас жарығымен көретін шынайы суретшінің терең көзқарасына толы.
Қазақстандық фотосурет шебері Валерий Коренчук өзінің авторлық қолжазбасын Алматы көшелерінен жарқын Бали аралына көшірді. Оның объективі табиғаттың сұлулығын ғана емес, сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың жан дүниесін, олардың еңбекқорлығы мен сезімталдығын бейнелейді. Адамдардың, жануарлардың және күріш егістерінің фотосуреттері оның мұқият көзқарасымен жаңа өлшемге ие болып, көрермендердің алдында жанданады.
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі 2024 жылдың 1 наурызында сағат 11.00 де өтетін AUTISM ZHAN ALEMI қоғамдық қорының ерекше балаларды қолдау мақсатында «Алғыс күніне» арналған «МУЗЕЙ МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕКПЕН» әлеуметтік қайырымдылық акциясының бастамашысы болып табылады.
Музей жетекші ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту мекемесі ретінде өскелең ұрпақты ұлттық тарихты, мәдениетті құрметтеу, адамгершілік пен мейірімділік рухында тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Республика музейлерін ЖАҚСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫНА қосылуға шақырады.
2024 жылғы 4,5,6,7 наурызда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Біз-Әбілхан Қастеев шығармашылығының мұрагерлеріміз» атты Қазақстанның Халық суретшісінің туғанына 120 жылдық мерейтойына арналған (1904-1973) Алматы облысының жалпы білім беретін мектептерінің (Талғар, Есік, Қаскелен, Қонаев қалалары) оқушылары үшін интерактивті шығармашылық сабақтарын өткізіледі.
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Біз – Әбілхан Қастеев шығармашылығының мұрагерлеріміз» атты көркемдік білім беру жобасы Мемлекеттік өнер музейінің көшпелі бағдарламалары аясында тиімді шығырмашылық тәжірибе және білім беру платформасы болып табылады.
2024 жылдың 1 наурыз күні, сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның белгілі акварелист суретшісі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «IWS Kazakhstan» халықаралық акварельдер қауымдастығының мүшесі, «Көпір» суретшілер қауымдастығының мүшесі, Қазақстанның мәдениет және бейнелеу өнері саласындағы Халықаралық және қазақстандық жобалар мен көрмелердің авторы және ұйымдастырушысы, Әбілхан Қастеев атындағы алтын медалінің иегері Әсия Үкіқызы Хайрулинаның «СЕЗІН...» атты жеке шығармашылық көрменің ашылу салтанаты өтеді.
Экспозицияда эмоциялардың жарқын палитрасымен және эксперименттің батылдығымен таң қалдыратын 100 ерекше туындылар қойылады.
Көркемсурет өнерінде әрбір суретші өзіндік шығармашылық қолтаңбасымен ерекше. Бүгінде замануи бейнелеу өнеріндегі қайталанбас шығармашылық туындыларымен танылған суретшілердің бірі - суретші Әсия Үкіқызы Хайрулина.
Қазақстан акварель өнерінің қалыптасуына өз үлесін қосқан әкесі Үкі Әжиевтің ізін басқан Әсия Хайрулина қарапайым бейнеден терең ой тастайтын дүниетанымдық ұстаным мен композиция ырғағына қарай үйлесімділікті шебер береді. Суретші табиғаттың тылсым құбылысын немесе бір заттың әр қырынан мың құбылта бейнелеген туындыларында ерекше ғажайып бір дүние тынысын жүрекке жеткізуді тәжірибелеп келеді.