Оқиғалар

«Әсем Әлем» Өнер Академиясы

     Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қазақ тіліндегі «Әсем Әлем» өнер академиясы эстетикалық-ағартушылық бағдарламасы аясындағы дәрістер легінің басталуын хабарлайды.

Тәжірибелі өнертанушылар дәріс тыңдаушыларын өнерді қабылдай білуден бастап, қоршаған дүниені тереңірек түсіну жолына жетелейтін қызықты саяхатқа шақырады.

     Дәрістер бағдарламасы — бейнелеу өнерінің теориясы мен тарихына негізделген қызықты курс болып табылады. Ол бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдары, категориялары, түрлері мен жанрлары, көркемдік тәсілдері мен әдістері жайлы мазмұнды ақпарат ұсынады. Қазақ тіліндегі бұл базалық курс 13 дәрістен тұрады, әр дәріс 1,5 сағатқа созылады. Бағдарламаның мақсаты — тыңдаушылардың жадысында материалды көрнекі ассоциациялар арқылы бекітіп қана қоймай, олардың эстетикалық тұрғыдан өз бетінше ойлай білу қабілетін дамыту.

Аялдама – Алматы» атты халықаралық қолөнер көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

2025 жылдың 3 қазанында сағат 14:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Алматы қаласына «Әлемдік қолөнер қаласы» мәртебесінің берілуіне орай ұйымдастырылған ALA CRAFT 2025 халықаралық қолөнер фестивалі аясында «Көшпелі бағыттар. Аялдама – Алматы» атты халықаралық қолөнер көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Халықаралық қолөнер көрмесі – Қазақстан қолөнершілер одағы мен отандық шеберлердің шығармашылық жетістіктерін паш ететін өзіндік есеп беруі іспетті. Көрермендер халық шеберлерінің дәстүр мен қиял тоғысқан ғажайып әлеміне сапар шегеді. Көрменің негізін «Шебер» республикалық байқауы мен «ЮНЕСКО сапа белгісі»

Бастаулардан қазіргі заманға дейін. Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» ұсынылады.

Бастаулардан қазіргі заманға дейін. Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» ұсынылады.

Алматылық суретші Светлана Какоткинаның «Бір ғажап күн» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде автордың 80-ге жуық туындысы көпшілік назарына ұсынылады.

2025 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан көшесі, 137) алматылық суретші Светлана Какоткинаның «Бір ғажап күн» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде автордың 80-ге жуық туындысы көпшілік назарына ұсынылады.

Светлана Какоткина Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі бойынша – дизайнер, сәулетші. Бастапқы көркемдік білімін «Классикалық өнер гимназиясында» алған. 2002 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Дизайн» мамандығы бойынша тәмамдаған. Студенттік жылдарынан бастап түрлі байқаулар мен көрмелерге қатысып, шығармашылық белсенділік танытты.

Александр Синявскийдің «ЧАқРЫ ГОР!» атты жеке фотокөрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде 70-тан астам туынды ұсынылады.

2025 жылы 4 қыркүйек күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан 137) Александр Синявскийдің «ЧАқРЫ ГОР!» атты жеке фотокөрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде 70-тан астам туынды ұсынылады.

Александр Синявский 1944 жылы Алматы облысының Чиен ауылында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келген. 1950 жылы оның әкесі Андрей Васильевич Синявский Алматы зообағына жұмысқа шақырылды. Ол мұнда суретші де, фотограф та, экскурсия жетекшісі де болды. Кейін балаларға арналған жануарлар туралы он екі кітап жазып, иллюстрациясын салды, сондай-ақ газет пен журналдарда өз суреттері мен фотосуреттерімен бірге 1000-нан астам әңгімесін жариялады.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 14 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphyкорей каллиграфиясы көрмесі өтеді.
Көрменің салтанатты ашылуы 2026 жылдың 14 шілдесі сағат 10:00-де өтеді.

🔹2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. Көрме Орталық Азия елдерінде корей тілін үйренуге деген қызығушылықтың артуына орай ұйымдастырылып отыр. Экспозиция келушілерді заманауи корей каллиграфиясы туындылары арқылы хангыль әліпбиінің көркемдік-эстетикалық болмысымен таныстырып қана қоймай, мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдастықты дамытудағыКорея Республикасы, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы рухани үндестік пен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызды рөлін айқындауды мақсат етеді.

🔸«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. Аталған тұжырымдама Корея каллиграфияассоциациясы және дизайн қауымдастығының мүшелері – 20 шебердің қазіргі заманғы корей каллиграфиясы (K-Calligraphy) техникасында орындалған шығармалары арқылы көркемдік шешімін тауып, экспозицияға ұсынылған.

🔺Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–18:00.
Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️2026 жылдың 14 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphyкорей каллиграфиясы көрмесі өтеді. Көрменің салтанатты ашылуы 2026 жылдың 14 шілдесі сағат 10:00-де өтеді. 🔹2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. Көрме Орталық Азия елдерінде корей тілін үйренуге деген қызығушылықтың артуына орай ұйымдастырылып отыр. Экспозиция келушілерді заманауи корей каллиграфиясы туындылары арқылы хангыль әліпбиінің көркемдік-эстетикалық болмысымен таныстырып қана қоймай, мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдастықты дамытудағыКорея Республикасы, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы рухани үндестік пен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызды рөлін айқындауды мақсат етеді. 🔸«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. Аталған тұжырымдама Корея каллиграфияассоциациясы және дизайн қауымдастығының мүшелері – 20 шебердің қазіргі заманғы корей каллиграфиясы (K-Calligraphy) техникасында орындалған шығармалары арқылы көркемдік шешімін тауып, экспозицияға ұсынылған. 🔺Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–18:00. Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні. Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ✨ Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында өтіп жатқан «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрмені тамашалап үлгеріңіздер!

Көрме көрерменді ұрпақтар сабақтастығы, отбасы құндылықтары және адам өміріндегі ең жақын әрі қымбат жандар туралы ой қозғауға жетелейді.

📍 Сіздерді ерекше көрме кеңістігін тамашалап, суретшілердің туындылары арқылы отбасы тарихы мен рухани сабақтастықтың көркем бейнесін бірге сезінуге шақырамыз.

✨ Успейте посетить групповую выставку «Действие семейного альбома», которая проходит в Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева!

Выставка приглашает зрителей задуматься о преемственности поколений, семейных ценностях и самых дорогих людях в жизни каждого человека.

📍 Приглашаем вас познакомиться с уникальным выставочным пространством и через произведения  художников почувствовать художественное осмысление семейной истории, памяти и духовной преемственности.

@qazartconsult ✨ Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында өтіп жатқан «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрмені тамашалап үлгеріңіздер! Көрме көрерменді ұрпақтар сабақтастығы, отбасы құндылықтары және адам өміріндегі ең жақын әрі қымбат жандар туралы ой қозғауға жетелейді. 📍 Сіздерді ерекше көрме кеңістігін тамашалап, суретшілердің туындылары арқылы отбасы тарихы мен рухани сабақтастықтың көркем бейнесін бірге сезінуге шақырамыз. ✨ Успейте посетить групповую выставку «Действие семейного альбома», которая проходит в Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева! Выставка приглашает зрителей задуматься о преемственности поколений, семейных ценностях и самых дорогих людях в жизни каждого человека. 📍 Приглашаем вас познакомиться с уникальным выставочным пространством и через произведения художников почувствовать художественное осмысление семейной истории, памяти и духовной преемственности. @qazartconsult ⚜️«Отбасылық альбомның әсері» көрмесінің іс-шаралар бағдарламасы

🔺Сіздерді кураторлық экскурсияларға, балаларға арналған арт-медиацияға және суретшілермен өтетін қорытынды кездесуге шақырамыз.

🔸Бұл — көрмені тамашалап қана қоймай, оның идеялары туралы пікір алмасуға, авторлармен танысуға және кураторға өз сұрақтарыңызды қоюға тамаша мүмкіндік.

📌11 шілде (сенбі), 12:00
— Кураторлық экскурсия

📌18 шілде (сенбі), 12:00
— Балаларға арналған арт-медиация және кураторлық экскурсия

📌25 шілде (сенбі), 16:00
Финисаж
— Artist Talk: куратор мен суретшілердің қатысуымен өтетін кездесу. Көрменің идеясы, жасалу үдерісі және жоба қорытындылары туралы әңгіме.

📍 Орталық көрме залы
Желтоқсан көшесі, 137, Алматы.

🎫Кіру — музей билетімен. Алдын ала тіркелу қажет емес.

Қосымша кураторлық экскурсиялар алдын ала Direct арқылы жазылу негізінде, іс жүзінде кез келген күні ұйымдастырылады.

Көрме 26 шілдені қоса алғанда жалғасады.

⚜️Программа мероприятий выставки «Действие семейного альбома»

🔺Приглашаем вас на кураторские встречи, детскую медиацию и финальную встречу с художниками. Это возможность не только увидеть выставку, но и поговорить о её идеях, познакомиться с авторами и задать вопросы куратору.

📌11 июля (суббота), 12:00
— Кураторский тур

📌18 июля (суббота), 12:00
— Детская медиация и кураторский тур для детей

📌25 июля (суббота), 16:00
Финисаж
— Artist Talk с куратором и художниками. Разговор о выставке, её создании и итогах проекта.

📍 Центральный выставочный зал. Желтоксан, 137, Алматы.

🎫Вход — по билету музея, регистрация не требуется.

Дополнительные кураторские туры возможны по предварительной записи в Direct — практически в любой день.

Выставка открыта до 26 июля включительно. ⚜️«Отбасылық альбомның әсері» көрмесінің іс-шаралар бағдарламасы 🔺Сіздерді кураторлық экскурсияларға, балаларға арналған арт-медиацияға және суретшілермен өтетін қорытынды кездесуге шақырамыз. 🔸Бұл — көрмені тамашалап қана қоймай, оның идеялары туралы пікір алмасуға, авторлармен танысуға және кураторға өз сұрақтарыңызды қоюға тамаша мүмкіндік. 📌11 шілде (сенбі), 12:00 — Кураторлық экскурсия 📌18 шілде (сенбі), 12:00 — Балаларға арналған арт-медиация және кураторлық экскурсия 📌25 шілде (сенбі), 16:00 Финисаж — Artist Talk: куратор мен суретшілердің қатысуымен өтетін кездесу. Көрменің идеясы, жасалу үдерісі және жоба қорытындылары туралы әңгіме. 📍 Орталық көрме залы Желтоқсан көшесі, 137, Алматы. 🎫Кіру — музей билетімен. Алдын ала тіркелу қажет емес. Қосымша кураторлық экскурсиялар алдын ала Direct арқылы жазылу негізінде, іс жүзінде кез келген күні ұйымдастырылады. Көрме 26 шілдені қоса алғанда жалғасады. ⚜️Программа мероприятий выставки «Действие семейного альбома» 🔺Приглашаем вас на кураторские встречи, детскую медиацию и финальную встречу с художниками. Это возможность не только увидеть выставку, но и поговорить о её идеях, познакомиться с авторами и задать вопросы куратору. 📌11 июля (суббота), 12:00 — Кураторский тур 📌18 июля (суббота), 12:00 — Детская медиация и кураторский тур для детей 📌25 июля (суббота), 16:00 Финисаж — Artist Talk с куратором и художниками. Разговор о выставке, её создании и итогах проекта. 📍 Центральный выставочный зал. Желтоксан, 137, Алматы. 🎫Вход — по билету музея, регистрация не требуется. Дополнительные кураторские туры возможны по предварительной записи в Direct — практически в любой день. Выставка открыта до 26 июля включительно. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі өтуде.

🔸Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияға автордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі.

🎥Бейнебаян: Abai TV телеарнасы

⚜️ В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит юбилейная выставка мастера кисти, художника-педагога Серикбая Альжана «Размышления художника».

🔸 Выставка представляет собой содержательное художественное пространство, обобщающее многолетний творческий путь художника и соединяющее национальный дух с художественным мышлением. В экспозицию включены пейзажи автора, отражающие красоту природы, композиции на историческую тематику, портреты, а также живописные и графические произведения на национальные сюжеты. В каждом произведении отчётливо ощущаются внутренний мир художника, его любовь к родной земле и глубокий философский смысл, характерный для казахского мировоззрения.

🎥 Видеосюжет: телеканал Abai TV ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі өтуде. 🔸Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияға автордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі. 🎥Бейнебаян: Abai TV телеарнасы ⚜️ В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит юбилейная выставка мастера кисти, художника-педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 🔸 Выставка представляет собой содержательное художественное пространство, обобщающее многолетний творческий путь художника и соединяющее национальный дух с художественным мышлением. В экспозицию включены пейзажи автора, отражающие красоту природы, композиции на историческую тематику, портреты, а также живописные и графические произведения на национальные сюжеты. В каждом произведении отчётливо ощущаются внутренний мир художника, его любовь к родной земле и глубокий философский смысл, характерный для казахского мировоззрения. 🎥 Видеосюжет: телеканал Abai TV ⚜️2026 жылдың 7–17 шілде күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші Александр Дильбазидің «Анар бағы» атты жеке көрмесі өтуде. 

🔺Бұл – автордың дүниетанымы мен философиялық көзқарасын кескіндеме тілі арқылы танытатын ауқымды халықаралық жоба. Көрменің бас демеушісі – КазКонтракт компаниясы.

🔺«Анар бағы» - жай ғана көрме емес, жылдар бойы өзгеріп, толығып, жаңа сипатқа ие болып келе жатқан, елдер мен мәдениеттерді, сондай-ақ көрермендерді өзара тоғыстыратын нағыз көркемдік жүйе.

🔺Алматы қаласы суретші Александр Дильбазидің шығармашылық өмірбаянында айрықша орын алады. Соңғы жиырма бес жыл ішінде суретші Алматыда біршама уақыт тұрып, шығармашылық қызметпен айналысты. Іле Алатауы бөктерінде орналасқан қаланың ерекше атмосферасы суретші үшін жан тыныштығының, терең ойдың және шығармашылық шабыттың қайнар көзіне айналды. 

🔺Алматыда оның іскерлік қызметі мен шығармашылық ізденісі тоғысады. Қала оның кәсіби жобаларын жүзеге асыратын кеңістік қана емес, достықтың, айрықша маңызға ие кездесулердің және мазмұнды шығармашылық сұхбаттардың мекеніне айналды.

🔺Сондықтан көрменің Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтуі ерекше мәнге ие. Алматыдағы бұл көрме суретшінің осы қаламен байланысқан көпжылдық жеке әрі шығармашылық тарихының заңды жалғасы болып табылады.

📌Көрмені ұйымдастырушылар барша өнерсүйер қауымды «Анар бағы» көрмесіне келіп, кескіндеме естелікке, ал естелік уақытпен үндескен жанды сұхбатқа айналатын ерекше көркем кеңістіктің бір бөлшегі болуға шақырады.
 
📍Көрме кураторы - Емангалиева К.А. ⚜️2026 жылдың 7–17 шілде күндері аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде суретші Александр Дильбазидің «Анар бағы» атты жеке көрмесі өтуде. 🔺Бұл – автордың дүниетанымы мен философиялық көзқарасын кескіндеме тілі арқылы танытатын ауқымды халықаралық жоба. Көрменің бас демеушісі – КазКонтракт компаниясы. 🔺«Анар бағы» - жай ғана көрме емес, жылдар бойы өзгеріп, толығып, жаңа сипатқа ие болып келе жатқан, елдер мен мәдениеттерді, сондай-ақ көрермендерді өзара тоғыстыратын нағыз көркемдік жүйе. 🔺Алматы қаласы суретші Александр Дильбазидің шығармашылық өмірбаянында айрықша орын алады. Соңғы жиырма бес жыл ішінде суретші Алматыда біршама уақыт тұрып, шығармашылық қызметпен айналысты. Іле Алатауы бөктерінде орналасқан қаланың ерекше атмосферасы суретші үшін жан тыныштығының, терең ойдың және шығармашылық шабыттың қайнар көзіне айналды. 🔺Алматыда оның іскерлік қызметі мен шығармашылық ізденісі тоғысады. Қала оның кәсіби жобаларын жүзеге асыратын кеңістік қана емес, достықтың, айрықша маңызға ие кездесулердің және мазмұнды шығармашылық сұхбаттардың мекеніне айналды. 🔺Сондықтан көрменің Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтуі ерекше мәнге ие. Алматыдағы бұл көрме суретшінің осы қаламен байланысқан көпжылдық жеке әрі шығармашылық тарихының заңды жалғасы болып табылады. 📌Көрмені ұйымдастырушылар барша өнерсүйер қауымды «Анар бағы» көрмесіне келіп, кескіндеме естелікке, ал естелік уақытпен үндескен жанды сұхбатқа айналатын ерекше көркем кеңістіктің бір бөлшегі болуға шақырады. 📍Көрме кураторы - Емангалиева К.А. 🎨 Қымбатты достар!

"Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымын қарсы алыңыз!

Бұл жолы жас гид Шарипов Баязит сіздерді Әбілхан Қастеев атындағы мемориалдық шығармашылық залға қызықты саяхатқа шақырады.

Сіздер қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ұлы суретші Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығымен жақынырақ танысып, оның өнер әлеміне қосқан өлшеусіз үлесі туралы қызықты мәліметтерге қанығасыздар.

✨ Бізбен бірге өнердің сырлы әлеміне саяхат жасап, жаңа әсер алыңыздар! 🎨 Қымбатты достар! "Bala Guide" музей айдарының жаңа шығарылымын қарсы алыңыз! Бұл жолы жас гид Шарипов Баязит сіздерді Әбілхан Қастеев атындағы мемориалдық шығармашылық залға қызықты саяхатқа шақырады. Сіздер қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ұлы суретші Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығымен жақынырақ танысып, оның өнер әлеміне қосқан өлшеусіз үлесі туралы қызықты мәліметтерге қанығасыздар. ✨ Бізбен бірге өнердің сырлы әлеміне саяхат жасап, жаңа әсер алыңыздар!
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ