Оқиғалар

Суретші Бәйтенов Мәжит Садықұлының 75 жылдығына орай «Ұлы дала аңыздары» атты мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2024 жылдың 12 қаңтар күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Бәйтенов Мәжит Садықұлының 75 жылдығына орай «Ұлы дала аңыздары» атты мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

 

«Ұлы дала аңыздары» атты көрмеге суретшінің 75 кескіндемелік туындылары ұсынылады. Туындылар қылқалам шеберінің тәуелсіздік жылдарынан кейінгі, басым бөлігі соңғы бес жылдықтағы және бұл туындылар  шығармашылығының бір бөлігі болып табылады. Тақырыпқа сай ұлы даланың аңыздары ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлі дүние танымы автордың көзқарасы арқылы суреттелген. Суретшінің авторлық қолтаңбасына түстік түзілімінің қанықтығы, жазықтықтың нұсқалық түрленуі, фактуралық үйлесім, стилизация және пішіндердің трансформациялануы тән. Шебердің «Түрленуден қорықпаймын» - деген  қанатты сөзі жаңа эксперименттерге дайындығын және ішкі көпқырлы ұмтылысын көрсетеді. 

Суретші Ирина Губаның «Түс пішіні» көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылдың 10 қаңтар айында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде суретші Ирина Губаның «Түс пішіні» көрмесінің ашылуы өтеді.

Ирина Губа заманауи импрессионизмді барынша қызықты етіп көрсетеді. Көрмеге қойылған суретшінің 30-дан астам картинасы түрлі-түсті симфония мен эмоционалды импульсті бейнелейді. Пастозды және тығыз пішіндерге айналдырылған майлы кескіндеме техникасы түстің әсемдігіне бірегей ерекшелік береді.  Картиналардан таңғажайып жеңілдік, ерекше және толғандыратын әсерді сезінуге болады.

«Әбілхан Қастеев. Ғасыр мұрасы» атты Қазақстанның Халық суретшісінің туғанына 120 жылдық мерейтойына арналған (1904-1973) көрмесі ашылады.

2024 жылғы 17 қаңтарда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Әбілхан Қастеев. Ғасыр мұрасы» атты Қазақстанның Халық суретшісінің туғанына 120 жылдық мерейтойына арналған (1904-1973) көрмесі ашылады.  

Сағат 15:00-де БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры өтеді.

Ұсынылып отырған көрме ХХ ғасырдың көрнекті қазақ суретшісі шығармашылығының эволюциясының ретроспективасын ұсынады. Экспозицияға Ә. Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік музейінің коллекциясынан 300-ден астам көркем және графикалық туындылар кіреді.

«Құттыбек Жақып шығармашылығындағы дәстүрлер мен жаңалықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

2024 жылдың 10 қаңтарында сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Құттыбек Жақып шығармашылығындағы дәстүрлер мен жаңалықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

 

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Құттыбек Тыныбекұлы Жақыптың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «JaQut» атты жеке көрмесі аясында өткізілуде.

«Қазақстанның бейнелеу өнерінің – өткені, бүгіні, болашағы» атты семинарға шақырамыз.

2023 жылы 20 желтоқсанда сағат 14:30-да Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстанның бейнелеу өнерінің – өткені, бүгіні, болашағы» атты семинарға шақырамыз.