Оқиғалар

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына орай Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінің «Естелік. Кеңістік. Даму» атты көрмесі ашылады.

     2025 жылдың 27 ақпан күні 16:00 Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына орай Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінің «Естелік. Кеңістік. Даму» атты көрмесі ашылады.

           

         Көрмеге Бақыт Бәпішев, Смайыл Баялиев, Арыстанбек Шалбаев, Саид Атабеков, Сергей Маслов, Рашид Нұрекеев, Молдақұл Нарымбетов, Алмагүл Меңлібаева, Виктор және Елена Воробьевтар, Шәміл Гулиев және басқа да жетекші суретшілердің жұмыстары қойылған. Көрмеде сонымен қатар, Рашид Нұрекеевтің «Жол бойы жаңбыр жоқ» (2022) және «Түлкі мен вагонның ессіз махаббаты» (2021) инсталляциялары, сонымен қатар Қазақстанның заманауи өнер үрдісінде шығармашылығында елеулі орын алатын Алмагүл Меңлібаева, Арыстанбек Шалбаев және Смайыл Баялиевтің бейне-арт жұмыстары қойылған.

Қазақтың ұлттық ойыны әрі спорты — көкпарға арналған Никита Басовтың «Ұлы дала ойыны» атты фото-көрмесі ашылады. БАҚ өкілдерімен кездесу 14:00-ден 16:00-ға дейін өтеді.

2025 жылғы 4 наурызда 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоксан 137) қазақтың ұлттық ойыны әрі спорты — көкпарға арналған Никита Басовтың «Ұлы дала ойыны» атты фото-көрмесі ашылады. БАҚ өкілдерімен кездесу 14:00-ден 16:00-ға дейін өтеді.

 

Бұл жоба тек қана көркемдік шара емес, қазақ мәдениеті мен дәстүрінің ажырамас бөлігі болып саналатын көкпар атты ежелгі спорт түріне арналған маңызды мәдени оқиға. Көкпар — күштің, шеберліктің, командалық рухтың және табандылықтың символы, ол Ұлы даланың рухын нақты бейнелейді. Әрбір күн өткен сайын көрермендерді баурап алатын бұл ойын әлі күнге дейін халықтың мәдени бірегейлігінің маңызды элементі болып табылады.

Суретші Рафаэль Слекеновтың « TANIR NURY» жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге суретшінің 90-ға жуық кескіндемелік туындылары ұсынылады.

2025 жылдың 7 наурыз күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде  суретші  Рафаэль Слекеновтың « TANIR NURY»  жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.  Көрмеге суретшінің 90-ға жуық кескіндемелік туындылары ұсынылады.

Рафаэль Слекеновтың шығармашылығы – балалық шақ туралы естеліктер мен адамзат  пен нәзік табиғат, қоршаған әлем арасындағы үнсіз байланысты көрсете отырып, өзінің шығармашылығынан сыр шертеді. Автордың туындыларындағы жан сарайының көрінісі бір өзгеше сұлу да, сырлы, таңғажайып жұмбаққа толы «үй әлемін» құрайтындай.  Автор үшін бұл жұмбақ мекен үйі – қорғаны, құтқарушы орны, өмірінің жылуы мен жайлылығының бейне бір көрінісі. Дәл осы үйде, қарапайым тұрмыста, адамдардың рухани еңбегі мен табиғаттың жасыл шұғыласында автор адам болмысының поэзиясын көреді.

Суретші Екатерина Терехованың «Көктем лебі келгенде» атты жеке көрмесі ашылады.

2025 жылғы 12 ақпанда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоксан 137) суретші Екатерина Терехованың «Көктем лебі келгенде» атты жеке көрмесі ашылады.

Көрмеде әсерлі пейзаждар, қанық натюрморттар, сондай-ақ a’la Prima стилінде орындалған «тірі» портреттер ұсынылады. Екатерина Терехованың кескіндемесі импрессионизм мен реализм элементтерін біріктіре отырып, бірегей визуалды әсерлер жасайды. Жас автордың әрбір шығармасы көрерменді қоршаған әлемнің жылуы мен шынайылығына терең бойлауға шақырады.

Музей қорынан «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2025 жылдың 20 ақпан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде музей қорынан «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Биылғы жылы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі өзінің 90 жылдығын атап өтеді. Осы айтулы мерейтой аясында музей «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» атты бірегей көрмені ұсынады. Бұл маңызды мәдени шара көрермендерді қазақ ұлттық эпосының әлеміне қызықтырып, көрнекті суретшілердің графикалық туындылары арқылы рухани мұраға терең бойлауға шақырады. Сондай-ақ, көрме Қазақстанның ұлттық әдеби және көркемсурет мұрасының маңыздылығын атап көрсетуге, суретшілердің жаңа буынын шабыттандыруға және көпшілікті қазақ халқының мәдени құндылықтарымен таныстыруға бағытталған.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
📚«Бір туындының сыры» – Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің жаңа айдары. Бұл айдардың алғашқы шығарылымын біз Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің әйгілі еңбектерінің бірі - «Биік таудағы мұз айдынында» картинасынан бастаймыз. 

🔹1955 жылы жазылған  бұл шығарма Алматының көрнекті орындарының біріне айналған әйгілі спорт кешеніне арналған. Суретші Іле Алатауының көркем табиғатын ғана емес, қала мен табиғаттың үйлесімін, болашаққа ұмтылған өмір тынысын да бейнелейді. Бұл туындының астарында жатқан мән және оның не себепті өз дәуірінің нышанына айналғаны туралы жаңа айдарымыздың алғашқы шығарылымында баяндаймыз.

#БірТуындыныңСыры

📚«История одного шедевра» - это новая рубрика Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева, которую мы открываем для вас одной из самых узнаваемых работ народного художника Казахстана Абылхана Кастеева «На высокогорном катке».

🔹Картина была создана в 1955 году и посвящена знаменитому спортивному комплексу, который уже тогда становился одной из визитных карточек Алматы. Художник запечатлел не только живописную панораму Заилийского Алатау, но и атмосферу города, устремлённого в будущее, где природа и человек существуют в гармонии. О том, какие детали скрывает это полотно и почему оно стало одним из символов эпохи, рассказываем в первом выпуске нашей новой рубрики.
 #ИсторияОдногоШедевра 📚«Бір туындының сыры» – Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің жаңа айдары. Бұл айдардың алғашқы шығарылымын біз Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің әйгілі еңбектерінің бірі - «Биік таудағы мұз айдынында» картинасынан бастаймыз. 🔹1955 жылы жазылған бұл шығарма Алматының көрнекті орындарының біріне айналған әйгілі спорт кешеніне арналған. Суретші Іле Алатауының көркем табиғатын ғана емес, қала мен табиғаттың үйлесімін, болашаққа ұмтылған өмір тынысын да бейнелейді. Бұл туындының астарында жатқан мән және оның не себепті өз дәуірінің нышанына айналғаны туралы жаңа айдарымыздың алғашқы шығарылымында баяндаймыз. #БірТуындыныңСыры 📚«История одного шедевра» - это новая рубрика Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева, которую мы открываем для вас одной из самых узнаваемых работ народного художника Казахстана Абылхана Кастеева «На высокогорном катке». 🔹Картина была создана в 1955 году и посвящена знаменитому спортивному комплексу, который уже тогда становился одной из визитных карточек Алматы. Художник запечатлел не только живописную панораму Заилийского Алатау, но и атмосферу города, устремлённого в будущее, где природа и человек существуют в гармонии. О том, какие детали скрывает это полотно и почему оно стало одним из символов эпохи, рассказываем в первом выпуске нашей новой рубрики. #ИсторияОдногоШедевра ⚜️2026 жылғы 16 маусымда 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылған. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады.

🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді.

🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді.

▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші.

📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–19:00
Демалыс күні: дүйсенбі
📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️2026 жылғы 16 маусымда 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. 🔸Көрмеде шашамен 60 шығарма ұсынылған. Көрермендер кескіндемелік жұмыстармен қатар авторлық графика мен мата бетіне салынған сәндік нақыштарымен де таныса алады. 🔹Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі акрил техникасында кенепте, картонда және қағазда орындалған. Таулы өлкені бейнелейтін туындылар поэтикалық тыныштық пен асқақтыққа толы. Автор үшін басты көркемдік құралдардың бірі – жарық пен түстің өзара үйлесімі. Мұны туындылардың атауларынан да аңғаруға болады: «Көк жел», «Алқызыл таң», «Қызыл тұман», «Жасыл таулар», «Жарқыраған мұздықтар». Суретшінің бірқатар шығармалары көрерменді ертегілер әлеміне жетелейді. 🔺Суретшінің картиналарында таумен сырласқанда туған ең жарқын сезімдер қайта жаңғырады. Асқар шыңдардың айбыны, қарағай арасындағы желдің сыбыры, сарқыраған тау бұлақтары мен таң алдындағы мамыражай тыныштықты тербеген құстар үні оның туындыларында көркем образға айналып мәңгілік өмір сүреді. ▫️Жастайынан Іле Алатауының қарлы шыңдарын тамашалап өскен Виктор Баландин осы өңірдің көптеген соқпақтарын жаяу аралаған. «Таулар адамға ерекше еркіндік, қуаныш пен қалалық күйбеңнен арылу мүмкіндігін сыйлайды» дейді суретші. 📍Көрме 2026 жылғы 25 маусымға дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–19:00 Демалыс күні: дүйсенбі 📌Көрме кураторы: Наталия Баженова. ⚜️2026 жылғы 10 маусым күні сағат 13:30-да Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Толқынды жырға айналдыру: Цзянсу провинциясының балалар гравюрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

▫️Экспозицияда Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясынан келген 4 пен 16 жас аралығындағы жас суретшілердің шамамен 50 гравюралық туындысы ұсынылады. Жұмыстар балалардың шығармашылық әлеуетін, қоршаған әлемді шынайы қабылдауын, сондай-ақ Қытайдың көркемдік дәстүрлері мен мәдени мұрасының ерекшеліктерін айқын көрсетеді.

🔹Жоба Цзянсу провинциясының мәдениет және туризм департаменті тарапынан ұйымдастырылып, Дунхай ауданы халық үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылуда және Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған. Жұмыстардың авторлары – Цзянсу провинциясындағы білім беру мекемелерінің оқушылары. Жоба Қытайдағы балаларға арналған көркемдік білім беру саласындағы жетекші мамандандырылған мекемелердің бірі – Дунхай балалар гравюрасы орталығының қатысуымен дайындалған.

🔸Экспозиция «Ұлы Жібек жолының рухы және Қытай мен Қазақстан достығы» атты ортақ тақырып аясында біріктірілген және төрт тақырыптық бөлімді қамтиды: «Қытай мен Қазақстан достығы», «Ұлы Жібек жолының мәдениеті», «Спорттық оқиғалар» және «Балалар әлемі мен балалық әсерлер». Жас авторлар өнер тілі арқылы өздерін қоршаған әлем туралы баяндап, достық, мәдениет, тарих және болашақ жөніндегі көзқарастарын білдіреді.

🔺Көрме қазақстандық көрерменге Қытайдағы көркемдік білім беру жетістіктерімен танысуға және балалар көзімен әлемді – ашық, шынайы әрі өзара түсіністікке ұмтылған әлемді көруге мүмкіндік береді. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтып, мәдени диалогтың дамуына ықпал етеді, сондай-ақ өнердің халықаралық қарым-қатынастың және мәдени өзара байытудың әмбебап тілі ретіндегі ерекше маңызын айқындайды.
 
 📍Көрме 2026 жылдың 17 маусымына дейін өтеді.
Жұмыс уақыты: 10.00-ден 18.00-ге дейін.
Демалыс: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
📌Көрменің кураторлары: Нұрпеис Д.К., Айдарова М.С. – «Шетел өнері» бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері ⚜️2026 жылғы 10 маусым күні сағат 13:30-да Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Толқынды жырға айналдыру: Цзянсу провинциясының балалар гравюрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтеді. ▫️Экспозицияда Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясынан келген 4 пен 16 жас аралығындағы жас суретшілердің шамамен 50 гравюралық туындысы ұсынылады. Жұмыстар балалардың шығармашылық әлеуетін, қоршаған әлемді шынайы қабылдауын, сондай-ақ Қытайдың көркемдік дәстүрлері мен мәдени мұрасының ерекшеліктерін айқын көрсетеді. 🔹Жоба Цзянсу провинциясының мәдениет және туризм департаменті тарапынан ұйымдастырылып, Дунхай ауданы халық үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылуда және Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған. Жұмыстардың авторлары – Цзянсу провинциясындағы білім беру мекемелерінің оқушылары. Жоба Қытайдағы балаларға арналған көркемдік білім беру саласындағы жетекші мамандандырылған мекемелердің бірі – Дунхай балалар гравюрасы орталығының қатысуымен дайындалған. 🔸Экспозиция «Ұлы Жібек жолының рухы және Қытай мен Қазақстан достығы» атты ортақ тақырып аясында біріктірілген және төрт тақырыптық бөлімді қамтиды: «Қытай мен Қазақстан достығы», «Ұлы Жібек жолының мәдениеті», «Спорттық оқиғалар» және «Балалар әлемі мен балалық әсерлер». Жас авторлар өнер тілі арқылы өздерін қоршаған әлем туралы баяндап, достық, мәдениет, тарих және болашақ жөніндегі көзқарастарын білдіреді. 🔺Көрме қазақстандық көрерменге Қытайдағы көркемдік білім беру жетістіктерімен танысуға және балалар көзімен әлемді – ашық, шынайы әрі өзара түсіністікке ұмтылған әлемді көруге мүмкіндік береді. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтып, мәдени диалогтың дамуына ықпал етеді, сондай-ақ өнердің халықаралық қарым-қатынастың және мәдени өзара байытудың әмбебап тілі ретіндегі ерекше маңызын айқындайды. 📍Көрме 2026 жылдың 17 маусымына дейін өтеді. Жұмыс уақыты: 10.00-ден 18.00-ге дейін. Демалыс: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні. 📌Көрменің кураторлары: Нұрпеис Д.К., Айдарова М.С. – «Шетел өнері» бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері ⚜️2026 жылдың 12 маусымы 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.
 
🎨Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған.

🖌️Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Барша өнерсүйер қауымды шебер туындыларының рухани әлеміне шомып, жүрек жылуы – шуағына бөленуге шақырамыз!

Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтеді.
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.
 
📌Куратор – А.Р. Ақылбекова
Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 12 маусымы 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. 🎨Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған. 🖌️Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Барша өнерсүйер қауымды шебер туындыларының рухани әлеміне шомып, жүрек жылуы – шуағына бөленуге шақырамыз! Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтеді. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. 📌Куратор – А.Р. Ақылбекова Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 3 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі ашылды. Қазақстандық пастель өнері шеберлерінің бірлестігі дайындаған бұл көрме өткен жылы кәсіби орта мен өнерсүйер қауым тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болған жобаның жалғасы болып отыр.
 
▫️Пастель – шеберлердің қолында бар қырын ашып, сан алуан көркемдік әсер бере алатын, мүмкіндігі кең әрі жанды материал. Көрме кеңістігінде өзіндік өрнегі, дара техникасы және бояу мәнері бар әртүрлі авторлардың жұмыстары бір арнада тоғысқан. 

🔸Екінші көрме жобаның ішкі эволюциясын нақ көрсетеді. Бастапқы шығармашылық ұжымға жаңа суретшілердің қосылуы экспозицияға тың колористік энергия мен өзгеше реңк әкелді. Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. 

🔹Көрмеге А. Хакимжанова, А. Тампиев, А. Татарова, А. Сластинова, А..Сафи, А. Овечкина, А. Фидирко, В. Трофимович, В. Татаринов, Г. Пащенко, Г. Умарова, Д..Куралбаев, Д. Залесская, Д. Муштак, Е. Попова, К. Ибраева, К. Рыбалко, Л. Логвинова, М..Мун, М. Бурманская, Н. Молокотина, Н. Сайгушева, О. Иконникова, Р. Сакович, С..Какоткина, С. Кравченко, С. Кушкова, Т. Максименко сынды суретшілердің еңбектері қойылған.

Суретшілердің пастельге деген көзқарасы бұл материалдың табиғатын терең түсінуге негізделген. Олар осы техника арқылы күрделі психологиялық көңіл-күйді, ішкі сезім мен жеке дүниетанымды еркін жеткізеді. Көрме ұзақ ізденістің нәтижесінде туған туындылардан құралған.

📍 Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00.
Демалыс күні: дүйсенбі
 
📌Куратор: Әбілхан Қастеев атындағы
ҚР Ұлттық өнер музейінің «Музейлік педагогика және экскурсиялық қызмет» бөлімінің қызметкері Г.А. Исхакова. ⚜️2026 жылдың 3 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі ашылды. Қазақстандық пастель өнері шеберлерінің бірлестігі дайындаған бұл көрме өткен жылы кәсіби орта мен өнерсүйер қауым тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болған жобаның жалғасы болып отыр. ▫️Пастель – шеберлердің қолында бар қырын ашып, сан алуан көркемдік әсер бере алатын, мүмкіндігі кең әрі жанды материал. Көрме кеңістігінде өзіндік өрнегі, дара техникасы және бояу мәнері бар әртүрлі авторлардың жұмыстары бір арнада тоғысқан. 🔸Екінші көрме жобаның ішкі эволюциясын нақ көрсетеді. Бастапқы шығармашылық ұжымға жаңа суретшілердің қосылуы экспозицияға тың колористік энергия мен өзгеше реңк әкелді. Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. 🔹Көрмеге А. Хакимжанова, А. Тампиев, А. Татарова, А. Сластинова, А..Сафи, А. Овечкина, А. Фидирко, В. Трофимович, В. Татаринов, Г. Пащенко, Г. Умарова, Д..Куралбаев, Д. Залесская, Д. Муштак, Е. Попова, К. Ибраева, К. Рыбалко, Л. Логвинова, М..Мун, М. Бурманская, Н. Молокотина, Н. Сайгушева, О. Иконникова, Р. Сакович, С..Какоткина, С. Кравченко, С. Кушкова, Т. Максименко сынды суретшілердің еңбектері қойылған. Суретшілердің пастельге деген көзқарасы бұл материалдың табиғатын терең түсінуге негізделген. Олар осы техника арқылы күрделі психологиялық көңіл-күйді, ішкі сезім мен жеке дүниетанымды еркін жеткізеді. Көрме ұзақ ізденістің нәтижесінде туған туындылардан құралған. 📍 Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00. Демалыс күні: дүйсенбі 📌Куратор: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің «Музейлік педагогика және экскурсиялық қызмет» бөлімінің қызметкері Г.А. Исхакова. 🇰🇿4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.

Бұл күн — халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігіміздің тұғырын, еліміздің болашаққа деген сенімін білдіретін айрықша мереке. Елтаңба, Ту, Әнұран — Отанға деген сүйіспеншілігіміздің, ұлттық мақтанышымыздың жарқын бейнесі.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мәңгілік Ел болу жолындағы қадамымыз нық, туымыз биік болсын! 🇰🇿4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл күн — халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігіміздің тұғырын, еліміздің болашаққа деген сенімін білдіретін айрықша мереке. Елтаңба, Ту, Әнұран — Отанға деген сүйіспеншілігіміздің, ұлттық мақтанышымыздың жарқын бейнесі. Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мәңгілік Ел болу жолындағы қадамымыз нық, туымыз биік болсын!
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ