Оқиғалар

Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «ТҰРАН ТАУЛАРЫ» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесінің ашылуы мен көрме каталогының тұсаукесер салтанаты өтеді.

2025 жылдың 10 қаңтар күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «ТҰРАН ТАУЛАРЫ» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесінің ашылуы мен көрме каталогының тұсаукесер салтанаты өтеді. Көрмеде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей қылқалам шеберлерінің 80-нен астам туындылары ұсынылады.

2024 жылы ұйымдастырылған «Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрнекті суретшілер Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналды. Жоба Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей суретшілерін біріктірген Орталық Азияның мәдени өміріндегі жарқын оқиға болды. Симпозиум-пленэр түркі елдері арасындағы шығармашылық алмасу мен мәдени байланыстарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, түрлі бағыттар мен стильдерде жұмыс жасайтын бірнеше буын суретшілерінің өзара тәжірибе алаңына айналды.

Александр Белов пен оның ұлы Петр Беловтың «Қас-қағым сәттегі сұлулық» атты көрмесі ашылады.

2025 жылдың 8 қаңтар күні 16.00 Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Александр Белов пен оның ұлы Петр Беловтың «Қас-қағым сәттегі сұлулық» атты көрмесі ашылады.

   Экспозицияда 40-тан астам көркем және графикалық жұмыстар ұсынылған.  А.П. Белов 1961 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін бітірген. Сурет өнері шеберлері - А.Дячкин, Ү.Әжиев, М.Кенбаев, И. Квачкодан білім алған.

Суретші мамандығын таңдауға танымал қазақстандық суретші және педагог             И.Я. Стадничукпен таныстығы және достығы көмектесті.

ЕУРОПАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРЫС КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ПЕЙЗАЖ

 ЕУРОПАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРЫС КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ПЕЙЗАЖ

 

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде "ЕУРОПАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРЫС КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ПЕЙЗАЖ" атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеде музей қорындағы еуропалық және орыс кескіндемесіндегі пейзаж жанрына арналған шығармалар ұсынылған.

Экспозиция түрлі мәдениеттердегі пейзаж жанрының дамуын бақылауға мүмкіндік береді және оның мәнін ұлттық бірегейлік пен эстетикалық идеалдардың көрінісі ретінде көрсетеді.

ҚР Суретшілер одағы Алматы облыстық филиалының кезекті есеп беру көрмесі ашылады.

2024 жылдың 11 желтоқсан күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында ҚР Суретшілер одағы Алматы облыстық филиалының кезекті есеп беру көрмесі ашылады.

Бұл көрмеге Алматы облысының әр аудандарынан жиналған суретшілер қатысып отыр. Олар қазақ елінің өнеріне еңбек сіңіріп, өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүрген суретшілер. Кескіндеме, графика, мүсін, дизайн және сәндік қолданбалы өнер туындыларының авторлары. Олардың шығармалары бүгінгі күнде халықтың көңілінен шығып, сұранысқа ие болып жүрген туындылар.

Cуретші Саян Байғалиевтің «Matte(r)reality» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 5 желтоқсан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Саян Байғалиевтің «Matte(r)reality» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрмеде жарқын натюрморттар, сюрреалистік композициялар, экспрессивті деформацияланған интерьерлер мен күтпеген көрнекі иллюзиялар ұсынылады. Суретшінің әрбір жұмысы көрермендерге шындық пен қиялдың арасындағы шекараны зерттеуді ұсынады. Кенептегі майлы бояулар, керамикалық заттар және Байғалиев шығармаларындағы басқа да классикалық материалдар анимациялық экрандардан тасымалданғандай цифрлық эффекттер әсерін береді, бірақ олардың мәні терең канондық және материалдық болып қала береді.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 14 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі ашылды.
 
🔸2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. 

🔹«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. 

🔺Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алды. 

📌Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады.
Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️2026 жылдың 14 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphy корей каллиграфиясы көрмесі ашылды.   🔸2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. 🔹«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. 🔺Ашылу рәсімі аясында қазіргі корей каллиграфиясының (K-Calligraphy) негізін қалаушылардың бірі, Корея каллиграфия ассоциациясы және дизайн қауымдастығының төрағасы Ли Сан Хённің каллиграфиялық перформансы ұсынылады. Сондай-ақ көрме қонақтары Қазақстандағы корё-сарам шығармашылық ұжымдарының көшбасшысы саналатын Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының барабаншылар ансамблінің өнерін тамашалай алды. 📌Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады. Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді.

🕣Өтетін уақыты: 22 шілде, сағат 15:00. 

🔸Көрме – суретшінің көпжылдық шығармашылық ізденісінің жемісін қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік танымды тоғыстырған тағылымы мол мәдени кеңістік. Экспозицияда автордың туған жерінің сұлу келбетін нәзік бейнелейтін пейзаждары, тарихи оқиғаларға негізделген композициялық туындылары, сондай-ақ ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды арқау еткен кескіндемелік және графикалық шығармалары ұсынылған.

Дөңгелек үстелген барша өнерсүйер қауымды шақырамыз! 

⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол в рамках юбилейной персональной выставки художника и педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 

🕣Время проведение: 22 июля в 15:00. 

🔸Выставка представляет собой итог многолетнего творческого пути художника, воплощая гармоничное единство национального духа и художественного мировоззрения. В экспозиции представлены пейзажи, тонко передающие красоту родной земли, композиционные произведения на исторические сюжеты, а также живописные и графические работы, раскрывающие национальную самобытность и духовные ценности казахского народа.

Приглашаем всех ценителей искусства на круглый стол! ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді. 🕣Өтетін уақыты: 22 шілде, сағат 15:00. 🔸Көрме – суретшінің көпжылдық шығармашылық ізденісінің жемісін қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік танымды тоғыстырған тағылымы мол мәдени кеңістік. Экспозицияда автордың туған жерінің сұлу келбетін нәзік бейнелейтін пейзаждары, тарихи оқиғаларға негізделген композициялық туындылары, сондай-ақ ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды арқау еткен кескіндемелік және графикалық шығармалары ұсынылған. Дөңгелек үстелген барша өнерсүйер қауымды шақырамыз! ⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол в рамках юбилейной персональной выставки художника и педагога Серикбая Альжана «Размышления художника». 🕣Время проведение: 22 июля в 15:00. 🔸Выставка представляет собой итог многолетнего творческого пути художника, воплощая гармоничное единство национального духа и художественного мировоззрения. В экспозиции представлены пейзажи, тонко передающие красоту родной земли, композиционные произведения на исторические сюжеты, а также живописные и графические работы, раскрывающие национальную самобытность и духовные ценности казахского народа. Приглашаем всех ценителей искусства на круглый стол! Выставка «Действие семейного альбома» в Алматы: восприятие старых снимком и воспоминаний во взрослой жизни

В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит выставка «Действие семейного альбома». В одном зале встретились художники разных поколений, чтобы показать, как старые снимки и воспоминания воспринимаются во взрослой жизни. Старые дворы, родительские комнаты и предметы быта они превратили в порталы памяти, сообщает телеканал «МИР 24».

📌Выставка продлится до 26 июля. Выставка «Действие семейного альбома» в Алматы: восприятие старых снимком и воспоминаний во взрослой жизни В Центральном выставочном зале Национального музея искусств РК имени Абылхана Кастеева проходит выставка «Действие семейного альбома». В одном зале встретились художники разных поколений, чтобы показать, как старые снимки и воспоминания воспринимаются во взрослой жизни. Старые дворы, родительские комнаты и предметы быта они превратили в порталы памяти, сообщает телеканал «МИР 24». 📌Выставка продлится до 26 июля. «Жад бедері/ Matter of Memory»
Арухан (Гаухар Бисенғалиева)

⚜️2026 жылдың 24 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қазақстандық суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиеваның) «Жад бедері / Matter of Memory» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме 2026 жылдың 23 тамызына дейін ашық болады.

🔸Арухан – киіз, дала шөптері мен өзге де табиғи материалдарды шығармашылығының өзегіне айналдырған заманауи қазақстандық суретші. Ол өз туындыларында жад, уақыт, мәдени мұра һәм адам мен оның қоршаған ортамен байланысы сынды тақырыптарды зерделейді. Суретші аталған материалды сәндік дәстүрдің ғана көрінісі емес, өз алдына дербес көркемдік тілге ие медиум ретінде қарастырады.

🔸Жадтың материал бойында қалай таңбаланатыны туралы ой, оның уақытпен бірге қалай түрленетіні туралы толғаныс көрмеге өзек болған. Аруханның туындылары жадты көзге көрінбейтін абстракт ұғым ретінде емес, заттың беткі бедері мен қат-қабат қатпарларына, яки өне бойына сіңіп, уақытпен бірге ғұмыр кешетін тірі физикалық құбылыс ретінде танытады. Аруханның өзі қалыптастырған киізді табиғи жолмен ескірту тәсілі материалға уақыттың табын дарытып, оны адамзат тәжірибесі қатталған мұрағатқа айналдырады.

Кураторы: Ақжарқын Құмарбаева
Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина

📍 Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі
🕓 Ашылуы: 24 шілде,16:00
🗓️2026 жыл 24 шілде – 23 тамыз аралығында «Жад бедері/ Matter of Memory» Арухан (Гаухар Бисенғалиева) ⚜️2026 жылдың 24 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қазақстандық суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиеваның) «Жад бедері / Matter of Memory» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме 2026 жылдың 23 тамызына дейін ашық болады. 🔸Арухан – киіз, дала шөптері мен өзге де табиғи материалдарды шығармашылығының өзегіне айналдырған заманауи қазақстандық суретші. Ол өз туындыларында жад, уақыт, мәдени мұра һәм адам мен оның қоршаған ортамен байланысы сынды тақырыптарды зерделейді. Суретші аталған материалды сәндік дәстүрдің ғана көрінісі емес, өз алдына дербес көркемдік тілге ие медиум ретінде қарастырады. 🔸Жадтың материал бойында қалай таңбаланатыны туралы ой, оның уақытпен бірге қалай түрленетіні туралы толғаныс көрмеге өзек болған. Аруханның туындылары жадты көзге көрінбейтін абстракт ұғым ретінде емес, заттың беткі бедері мен қат-қабат қатпарларына, яки өне бойына сіңіп, уақытпен бірге ғұмыр кешетін тірі физикалық құбылыс ретінде танытады. Аруханның өзі қалыптастырған киізді табиғи жолмен ескірту тәсілі материалға уақыттың табын дарытып, оны адамзат тәжірибесі қатталған мұрағатқа айналдырады. Кураторы: Ақжарқын Құмарбаева Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина 📍 Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі 🕓 Ашылуы: 24 шілде,16:00 🗓️2026 жыл 24 шілде – 23 тамыз аралығында ⚜️2026 жылдың 14 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphyкорей каллиграфиясы көрмесі өтеді.
Көрменің салтанатты ашылуы 2026 жылдың 14 шілдесі сағат 10:00-де өтеді.

🔹2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. Көрме Орталық Азия елдерінде корей тілін үйренуге деген қызығушылықтың артуына орай ұйымдастырылып отыр. Экспозиция келушілерді заманауи корей каллиграфиясы туындылары арқылы хангыль әліпбиінің көркемдік-эстетикалық болмысымен таныстырып қана қоймай, мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдастықты дамытудағыКорея Республикасы, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы рухани үндестік пен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызды рөлін айқындауды мақсат етеді.

🔸«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. Аталған тұжырымдама Корея каллиграфияассоциациясы және дизайн қауымдастығының мүшелері – 20 шебердің қазіргі заманғы корей каллиграфиясы (K-Calligraphy) техникасында орындалған шығармалары арқылы көркемдік шешімін тауып, экспозицияға ұсынылған.

🔺Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–18:00.
Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ⚜️2026 жылдың 14 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде «Корея – Орталық Азия» Алғашқы саммитіне орай және корей әліппесі Күнінің (Хангыль) 100 жыл толуына арналған K-Calligraphyкорей каллиграфиясы көрмесі өтеді. Көрменің салтанатты ашылуы 2026 жылдың 14 шілдесі сағат 10:00-де өтеді. 🔹2026 жыл корей мәдениеті үшін айрықша тарихи мәнге ие: биыл кәріс жазуының бастауына негіз болған «Хунминчжоным» тарихи ескерткішінің жарыққа шығуына 580 жыл, сондай-ақ Хангыль күнінің ресми түрде белгіленгеніне 100 жыл толып отыр. Көрме Орталық Азия елдерінде корей тілін үйренуге деген қызығушылықтың артуына орай ұйымдастырылып отыр. Экспозиция келушілерді заманауи корей каллиграфиясы туындылары арқылы хангыль әліпбиінің көркемдік-эстетикалық болмысымен таныстырып қана қоймай, мәдениеттер арасындағы өзара ықпалдастықты дамытудағыКорея Республикасы, Қазақстан Республикасы және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы рухани үндестік пен өзара түсіністікті нығайтудағы маңызды рөлін айқындауды мақсат етеді. 🔸«Корея – Орталық Азия» алғашқы саммитінің «Адам мен сенім арқылы байланыс» ұранына сәйкес көрме экспозициясы корё-сарам мұрасы, корейдің хангыль әліпбиі және Ұлы Жібек жолы арқылы халықтар арасындағы тарихи және мәдени сабақтастық идеясын паш етеді. Өзара ықпалдастықтың көркемдік символы ретінде Ұлы Жібек жолында жайқала гүлдеген гүлдер бейнесі алынып, мәдени қарым-қатынас пен халықтар арасындағы терең достықты бейнелейді. Аталған тұжырымдама Корея каллиграфияассоциациясы және дизайн қауымдастығының мүшелері – 20 шебердің қазіргі заманғы корей каллиграфиясы (K-Calligraphy) техникасында орындалған шығармалары арқылы көркемдік шешімін тауып, экспозицияға ұсынылған. 🔺Көрме 2026 жылдың 2 тамызына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–18:00. Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні. Көрме кураторы: Айдымбаева А.А., Шетел өнері бөлімінің жетекшісі. ✨ Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында өтіп жатқан «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрмені тамашалап үлгеріңіздер!

Көрме көрерменді ұрпақтар сабақтастығы, отбасы құндылықтары және адам өміріндегі ең жақын әрі қымбат жандар туралы ой қозғауға жетелейді.

📍 Сіздерді ерекше көрме кеңістігін тамашалап, суретшілердің туындылары арқылы отбасы тарихы мен рухани сабақтастықтың көркем бейнесін бірге сезінуге шақырамыз.

✨ Успейте посетить групповую выставку «Действие семейного альбома», которая проходит в Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева!

Выставка приглашает зрителей задуматься о преемственности поколений, семейных ценностях и самых дорогих людях в жизни каждого человека.

📍 Приглашаем вас познакомиться с уникальным выставочным пространством и через произведения  художников почувствовать художественное осмысление семейной истории, памяти и духовной преемственности.

@qazartconsult ✨ Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында өтіп жатқан «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрмені тамашалап үлгеріңіздер! Көрме көрерменді ұрпақтар сабақтастығы, отбасы құндылықтары және адам өміріндегі ең жақын әрі қымбат жандар туралы ой қозғауға жетелейді. 📍 Сіздерді ерекше көрме кеңістігін тамашалап, суретшілердің туындылары арқылы отбасы тарихы мен рухани сабақтастықтың көркем бейнесін бірге сезінуге шақырамыз. ✨ Успейте посетить групповую выставку «Действие семейного альбома», которая проходит в Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева! Выставка приглашает зрителей задуматься о преемственности поколений, семейных ценностях и самых дорогих людях в жизни каждого человека. 📍 Приглашаем вас познакомиться с уникальным выставочным пространством и через произведения художников почувствовать художественное осмысление семейной истории, памяти и духовной преемственности. @qazartconsult
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ