Page 7 - Живописи
P. 7

ҚАЗАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

                              КОЛЛЕКЦИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН

                              ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ












                                                             Егер біз, экономикалық дамудың тарихынан қандай да
                                                             бір сабақ алар болсақ: онда бәрі де іс жүзінде
                                                             мәдениетке байланысты деген ұғым келіп шығады.

                                                             Макс Вебер



                                    Ә.  Қастеев  атындағы  ҚР  Мемлекеттік  өнер  музейі  өзі  өмір  сүріп,  халыққа  қызмет
                              етіп  келе  жатқалы  бері  жиналған  Қазақстан  бейнелеу  өнерінің  коллекциясы  еліміздегі
                              экспонаттарының саны мен көркемдік деңгейі жағынан ең қомақты жинақ болып саналады.
                              Мұнда 11 мыңнан астам кескіндемелік, графикалық және мүсіндік туынды бар. 3290 туындыны
                              қамтитын  Қазақстан  кескіндемесі  каталогының  жарыққа  шығуы  музей  қызметкерлері  мен
                              қызығушылық танытқан әлеумет үшін көптен күткен оқиға болды. Ол екі томнан тұратын
                              болады: біріншісі – А-дан К-ға дейінгі, екіншісі – Л-дан Я-ға дейінгі есімнамалар.
                                    Басылым  Қазақстан  кескіндемесі  кәсіби  мектебінің  негізгі  кезеңдері  жөнінде,  іргесі
                              қаланғаннан  бүгінгі  күнге  дейінгі  оның  жетекші  шеберлері  мен  олардың  шығармалары
                              туралы толық түсінік береді.
                                    Қазақстандағы  бейнелеу  өнерінің  даму  тарихы  100  жылға  таяу  кезеңді  қамтиды.
                              Осындай тарихи әрі қысқа аралықта өңір үшін көркемдік шығармашылықтың мүлдем жаңа
                              түрі пайда болды. Көркемдік институциялар ұйымдастырылып, кәсіби мектеп қалыптасты.
                              Дарынды суретшілердің бірнеше буыны өсіп-жетілді, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік
                              өнер  музейінде  ұқыпты  сақталынған  алтын  қорды  құрайтын  жауһарлар  дүниеге  келді.
                              Қазақстандық  жетекші  кескіндемешілердің  қызметі  біртұтас  және  мазмұнды  берілген.
                              Коллекция Ә. Қастеев, Ү. Әжиев, А. Ғалымбаева, Қ. Телжанов, М. Кенбаев, Г. Ысмайылова
                              сынды суретшілер мен басқа да ғажайып шеберлердің қалыптасу және гүлдену кезеңдерін
                              көрсетеді.
                                    Музей коллекциясының негізі 1935 жылғы Қазақ КСР-нің іргесі қаланғанына 15 жыл
                              толуына  және  Қазан  төңкерісінің  18  жылдығына  орай  өткізілген  көрмеден  басталады.
                              Мемлекеттің  бейнелеу  өнерін  қолдау  саясаты  жүйелі  негіздегі  арнаулы  мемлекеттік
                              тапсырыспен жасалды, яғни, музейге табыс етуге белгілі бір тақырыптық суреттерді орындау
                              жөнінде  суретшілермен  келісімшарт  жасалды.  Осылайша,  бүгінгі  күнге  дейін  болашақ
                              толықтырулар мен ғылыми-зерттеулер музейдің негізгі және басым міндеті болып табылатын
                              Қазақстан кескіндемесінің қоры құрылды.
                                    Каталогқа  таңбалық  ерекшелігі  бар,  шығармашылығы  кәсіби  кескіндеме  мектебінің
                              қалыптасу кезеңдерін айқындайтын суретшілер енгізіледі. Негізгі кезеңдер көркемдік дамудың
                              өзекті  түйіндері  айшықталған,  шартты  түрде  онжылдыққа  бөлуге  болатын  дәуірлермен
                              дамып  отырды.  Кәсіби  базаны  нығайтуға  бағытталған  мемлекеттік  саясаттың  арқасында,
                              Қазақстанда Суретшілер Одағы (1933), көркемсурет галереясы (1935) құрылып, көркемсурет




                                                                         ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОЕ ИСКУССТВО КАЗАХСТАНА. ЖИВОПИСЬ  7
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12