Page 11 - Живописи
P. 11
ерекшелікті іздеу мәселесі көкейкесті болады. Біз тұрмыстың мәнді мәселелерін көтеруге және
суретшінің қлттыө бірегейлік туралы көзқарасымен байланысты экзистенциялық тақырыпты
көркемдік жағынан күшейтуге ұмтылысымызды айта да, тіпті кейбір белгілей де аламыз.
Соңғы жылдардағы заманауи қызықты суретшілер қатарының шығармашылығы этномәдени
дискурстың шартты қойылуы мен дамуы, батыс экспрессионизм және авангардизм
сабақтарының, сәндік-қолданбалы өнердегі тәсілдердің сынуы мен өзгеріске ұшырауы,
тұжырымдамалық негізде ашық айқындалған.
Халық мәдениеті мен тарихын толықтай ашатын кейбір тақырыптар мен сюжеттердің
орнын толтыру қажеттілігін түсіну үшін музей ауқымды байқау негізіндегі тақырыптық
жобалардың бастамашысы болды, нәтижесінде, жинақтама жаңа туындылармен толықты.
2013 жылғы «Қазақ халқының эпостық жырлары, тарихы мен дәстүрлері» атты республикалық
көрме-байқау қазақстандық суретшілерді ұлттық эпоста көрініс тапқан дәстүрлер мен
бастаулар тақырыбына ден қоюға ынталандырды. Байқаудың қорытындысы бойынша, ең
үздіктері музейге тапсырылды, олардың қатарында Д. Қасымов, А. Дүзелханов, Қ. Әжібеков, Т.
Тілеужанов, Б. Мырзахметов, А. Жақыпбек. Д. Қастеев және басқа суретшілердің шығармалары
бар. Тағы да маңызды жобалардың бірі – 2016 жылғы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
арналған «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты ұлттық тарихи кескіндеме конкурсы. Д. Қастеев,
М. Нұрғожин, Н. Қилыбаев, А. Жақыпбек және Д. Макиннің жүлделі орынға ие болған
шығармалары музейдің жинақтамасын толықтырды.
Осылайша, бүгінгі күні де музей өзінің жеке коллекциясының алтын қоры – оның
қызықты да маңызды бөлімі – Қазақстан кескіндемесін кеңейтуге, зерттеп, дәріптеуге күш
сала береді.
Г.К. Шалабаева,
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік
өнер музейінің директоры,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері,
философия ғылымдарының докторы, профессор
Ескерту:
1. «Борьба за прогрессивное реалистическое искусство в зарубежных
странах. М., «Искусство», 1975, с. 45, кітабынан дәйексөз алынды.
ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОЕ ИСКУССТВО КАЗАХСТАНА. ЖИВОПИСЬ 11