Page 8 - Живописи
P. 8
училищесі (1938) ашылды, алғашқы көшпелі және тұрақты көрмелер өткізіле бастады.
Ұлттық шығармашыл мамандарды даярлау айқындаушы мәселеге айналды. Сол жылдардағы
шығармашылық атмосфера үшін үкіметтің шақыртуымен, ресейлік Ф. Болкоев, С. Богданов,
А. Бортников, Ю. Зайцев, В. Каптерев, Н. Крутильников, О. Кужеленко, Л. Леонтьев, А.
Черкасский сияқты суретшілердің келуі баға жетпес маңызға ие болды. Осы шеберлердің
шығармашылығы мен ұстаздық қызметі республикадағы суретшілердің кәсіби маман ретінде
дамуына үлкен ықпалын тигізді. Олар Қазақстанның суретшілеріне шеберлік пен кәсібилікті
меңгеруге, академизмді тарата отырып, сурет, кескіндеме, мүсін өнерін классикалық түрде
түсінуге көмектесті.
Бейнелеу өнері пайда болған алғашқы онжылдығында, ұлттық жас өнердің негізгі
бағыттарын айқындап берген ХХ ғасырдағы кеңестік, социалистік идеология мен тарихи
үдерістердің ықпалында дамыды. Реализм басты әрі дәл, жалғыз ресми мойындалған әдіс
болды. Өнер қайраткерлері осы әдістің аясында жұмыс істеді, туындылар жасап шығарды.
Негізгі тақырыптар: көтеріліс идеясы үшін күрес тебіренісі, 1941-1945 жылдардағы фашизмге
қарсы Ұлы Отан соғысының жеңісі, алдыңғы қатарлы жұмысшылар мен колхозшылар жыры,
зауыттар мен фабрикалардың іске қосылуы, ірі өндірістік күштің өсуі, тыңды игеру мен
бағындыру болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың ауыр жылдарының сынағын суретшілер
бүкіл елмен бірге бастан кешірді. Сонымен бірге, бақыт, махаббат, ана, табиғаттың ұлылығы
мен сұлулығы сияқты, рухани-адамгершілік және онтологиялық мәні бар мәңгілік тақырыптар
мен құндылықтар маңызды әрі сұранысқа ие болып қала береді.
Кеңестік уақытта бейнелеу өнері мен көркемдік мәдениет, тұтастай алғанда,
коммунистік идеяда дамыған социалистік қоғамның, өнердің реалистік шынайылығы
толығымен идеологиялық ұстанымдарға бағынышты болды. Тұлғалық бейнелілік, кеңес
адамдарының өмірі мен еңбегінің табиғи байланысы өнердің әлеуметтік рөлінің түсінігіне,
өмірдегі алатын орнына, өмірдің өзіне жүгіну қоғамдық сананың социалистік түріне сай
келу тиіс. Әлемдік өнердің шынайы дәстүрлерін меңгеру және шығармашылық дамыту
әлемдік мәдениетте жасалған құнды дүниенің бәрі империализм мен буржуазиялық өнер
ағымдарының идеологиясына қарама-қарсы гуманизм идеялары, революциялық қайта құру,
қайта құру тебіренісіне толы кеңестік идеологемалар арнасымен жүріп отырды. Осыған
сәйкес, кеңестік өнер шеберлерінің дүниетанымы, олардың эстетикалық және көркемдік-
пластикалық шешімдері мен ізденістері әуелден-ақ дамыған социализмнің құрылымының
қоғамдық-саяси тапсырмасымен құрылып, белгіленген болатын. Суретшілер жұмысшы
табын барлық қырынан бастаушы, халықтың жарқын болашағының басты құрылысшысы
ретінде жырлады. Еңбек адамына, қалалар мен ауылдардың көшелеріне, олардың қайнаған
өміріне арналған туындылар жарқын да жасампаз бастамаға толы болды..
Өндіріс алыптарын салумен байланысты социалистік мемлекеттің құрылысы Ф. Болкоев
(1886-1965), Ю. Зайцев (1898-1972), С. Богданов (1888-1967, Н. Крутильников (1896-1961) сияқты
суретшілердің шығармаларында көрініс табады. Ресейден Қазақстанға келген суретшілердің
шығармаларында, 1930-шы жылдардың ортасындағы ғаламат – «ғасыр құрылыстары»
ауқымды өзгерістері жазылған. Ф. Болкоев «Семейдегі Ертіс өзені көпірінің құрылысы»
шығармасын жазғанда, Ю. Зайцев сияқты Балқаштағы мыс қорыту комбинатының алып
құрылысына жүгінеді. Ол нысанды әр қилы уақытта, әр қырынан суреттейді. Суретшілер
фабрикалар мен зауыттардағы еңбекті, жұмысшының құрал-саймандарының эстетикасын,
қозғаушы күштерді, құрылыс құрылымдарын, электр желілерінің жырлаулы міндет
етті. Еңбекті дәріптеуде суретшілер бейнелер мен ерекшеліктерді ұмытылмастай ететін,
көзқарастарын айқындайтын формаларды таба білді. Сергей Богданов Қазақстанға келген
соң, ұлттық тұрпаттағы суреттерге баса назар аударады.
Қазақстан кескіндемесі социализм дәуірінде пайда болғандықтан барлығы үшін
бірыңғай кеңестік республикалардың арнасында дамыды. Сонымен бірге, әр автордың
өзіне тән көркемдік стилі болды. Бүгінгі Қазақстан бейнелеу өнері – өзіндік ерекшелігі бар,
жергілікті әрі әлемдік ауқымдағы көркемдік құбылыс.
Республиканың ұлттық кескіндеме мектебінің пайда болған тұсындағы шеберлердің
қатарында 1984 жылы музейге есімі берілген тұңғыш қазақ суретшісі, дарынды біртума
Әбілхан Қастеевтің есімі тұрады. Оның қарабайыр кескіндемелік хикаялары, табиғатқа жаны
адал сахара тұрғыны –көшпендінің өмірі мен оның табиғатпен тығыз байланысына арналған.
Суретшінің үлкен дарындылығы, елдегі және әлемдегі болып жатқан дүниелерді сезінуі, қызу
темпераменті, айрықша еңбексүйгіштігі мен көркемдік шығармашылық тұрғыда өзін көрсетуі
оның Қазақстан мәдениетіндегі ерекше орнын нығайтты. Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін
қалаушылардың бірі ретінде, суретшінің 1920-1970-ші жылдарға дейінгі шығармашылық
8 ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОЕ ИСКУССТВО КАЗАХСТАНА. ЖИВОПИСЬ