Page 10 - Живописи
P. 10

бейнелердің  шиеленісуін,  жалындаған  қызуды,  жинақталған  астарлылыққа  ұмтылу  мен
            композициялық және реңдік шешімдердің ерекшелігін көруге болады.
                   1912  жылы  Фернан  Леже  былай  деп  жазады:  «Өнер  туындысы  кез-келген  басқа
            да  зияткерлік  құбылыс  сияқты  өз  дәуірінің  айнасы  болуы  тиіс.  Кескіндеме  өнері  келешек
            көре білу өнері болғандықтан, психологияның емес, сыртқы жағдайлардың көрінісі болып
            шығады. Заманауи жасампаз адамның өмір сүруі алдыңғы ғасырларда өмір сүрген адамдарға
            қарағанда, әлдеқайда күрделі әрі бай. Заттар туралы түсінік аз, бұйымның өзі бұрынғымен
            салыстырғанда өздігімен анықталады. Автокөлікпен, жүрдек пойызбен жүріп айқышталған
            пейзаж бастапқы келбетін жоғалтады, дегенмен, синтетикалық мағынасын жағынан ұтады.
            Заманауи адам 18 ғасырдағы суретшіге қарағанда, жүз есе артық әсерде қабылдайды, соның
            әсерінен тіліміз қысқартуларға толы болды» [1].
                   1960  жылдары  музей  қоры  жүйелі  түрде  қазақстандық  кескіндеме  өнерінің  жаңа
            туындыларымен  толықтырылды,  жыл  сайын  300-ден  500-ге  дейін  шығарма  түсіп  отырды.
            Негізгілері  Қазақ  КСР  Мәдениет  министрлігі,  Қазақстан  Суретшілер  одағы,  Қазақ  КСР
            Көркемдік қоры арқылы түскен еді. Туындылар 3-4 жыл републикалық көшпелі көрмелерге
            қатысқан соң, Көркемсурет көрмелері дирекциясынан қорға келіп түсті, сондай-ақ, коллекция
            музей өнертанушыларының суретшілердің шеберханаларындағы шығармаларын іріктеуден
            өткізу жолымен толықтырылды. 2014 жылы Көркемсурет көрмелері дирекциясының қоры
            мен үй-жайы Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің теңгеріміне берілді, осылайша, музей қоры
            кескіндеме,  мүсін,  графиканы  қосқанда  2000  экспонатпен  толықтырылды.  Қазіргі  уақытта,
            музейдің бөлімшесі уақытша көрмелер өткізілетін Орталық көрме залы атауына ие болды.
                   1976 жылғы 23 қыркүйекте республиканың мәдени өмірінде айтулы оқиға орын алды
            – республика үкіметінің қаулысы бойынша, Т. Шевченко атындағы көркемсурет галереясы
            мен сәндік-қолданбалы өнер музейі базасы негізінде жаңа музей есігін ашты.
                    Ғимараттың  сәулеттік  жобасында  музейдің  барлық  атқарымдық  қажеттіліктері
            ескеріліп,  ойластырылған.  Ол  тамаша,  жарық  экспозициялық  залдармен,  шығармаларды
            жаңғырту мен сақтау, зерттеу жұмыстары үй-жайларымен, кітапханамен, ішкі ауламен, тіпті,
            қызметкерлерге  арналған  спорттық  залмен,  яғни,  музейлік  типтегі  ғимараттың  алдыңғы
            қатарлы  үлгісіне  сәйкес  жабдықталған.  14  залдың  бесеуінде  Қазақстан  бейнелеу  өнерінің
            ұлттық көркемсурет мектебінің негізгі даму кезеңдері көрсетілген.
                   Галереяның  музей  болып  қайта  құрылуы  ғылыми-зерттеу  жұмысы  деңгейінің
            көтерілуіне  жағдай  жасады,  мақалалар  жазылып,  каталогтар  жарыққа  шықты.  Кәсіби
            өнертанушылар  Қазақстан  бейнелеу  өнері  қорының  жинақталып,  көрмеге  қойылуына,
            зерттелуі мен насихатталуына үлкен үлесін қосты. Олардың қатарында Р. Көпбосынова, М.
            Баймұхаммедова, С. Құмарова, Б. Барманқұлова, С. Көбжанова, Ә. Жадайбаев, Г. Ақышева, Г.
            Сырлыбаева және басқалары бар. Республикадағы қызметкерлердің іс-сапарлары арқасында
            қорға  облыстық  суретшілердің  туындылары  келіп  түсті,  олар  еліміздегі  ірі  көркемсурет
            музейінің жинағын байытты және кеңейтті.
                   1970-80-жылдар  кеңес  дәуіріндегі  бейнелеу  өнеріне  жаңа  тенденциялардың  пайда
            болуымен  есте  қалды.  Алдыңғы  буын  өкілдеріне  тән  эпикалық  идеализм  жетпісінші
            жылғылардың шығармаларында ақырындап толысқан, ішкі дабыл қағу шиеленісуіне толы
            болды.  Суретшілерді  онтологиялық,  экзистенциялық  мәселелер  толғандырады,  әлемнің
            көпполярлылығы мен жетілмегендігін, жақсылық пен жамандықтың мәңгілік диалектикалық
            қарама-қайшылығын  мойындайды.  1940-60  жылдардағы  социалистік  әлемдегі  марксизм-
            ленинизм рухындағы бір өлшемдіктің орнына, рухани өркениеттік қайшылықтар туындайды.
            Суретшілер дәуірдің әлеуметтік қайта құрылуына үлкен мән беріп, адамның қоғамдағы және
            әлемдегі  рөліне  баса  назар  аударады.  Адам  мен  әлеумет  тақырыбы  А.  Ақанаев,  Д.  Әлиев,
            В.  Киреев,  К.  Муллашев,  Е.  Төлепбайдың  ауқымды  тақырыптық  композицияларында,  сол
            сияқты, В. Киреев пен М. Аманжоловтың және М. Қалымовтың портреттерінде көрініс табады.
                   1990  жылы  КСРО-ның  күйреуінен  кейін  түспен  және  формамен  тәжірибеге  түскен
            формалистік ұстанымдар алдыңғы орынға шығады. А. Сыдыханов абстрактылы символикалық
            кескіндемеге  бағыт  алады.  К.  Дүйсенбаев  пен  кескіндемешілердің  жас  буын  өкілдері:  Б.
            Бәпішев, М. Бекеев, А. Есдәулет, А. Нода және тағы басқалар түстік-пластикалық жаңалықтар
            мен  көркемдікті  іздестіру  жолында  топтасады.  Көркемдік  пікірлердің  лейтмотиві  –  бір
            кездері қуатты ірі мемлекет болған кеңестік идеологемалардан, оның құлауынан түңілу. Бір
            жағынан, қоғамда тәуелсіздікке ие болған шаттану болса, екінші жағынан – экономикалық
            қиыншылықтар,  өмір  деңгейінің  төмендеуі  болды.  Суретшілер  биліктің  құрсауынсыз,
            шығармашылық  еркіндікке  ие  болып,  әр  түрлі  тәжірибелерге  жүгіне  бастайды.  Оны  көп
            кешікпей көпшілігі қолданды. Сонымен қатар, бүгінде өзектілігі жоғалмаған, ұлттық өзіндік




           10      ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОЕ ИСКУССТВО КАЗАХСТАНА. ЖИВОПИСЬ
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15