Page 9 - Живописи
P. 9
дамуының кезеңдері ұсынылған Қастеевтің кескіндемесінің музей жинағы үшін маңызы
зор. Коллекцияның келесі үлкен бөлімі тұңғыш кәсіби қазақ әйел суретшісі әрі ұлттық
натюрморттың негізін қалаушы Айша Ғалымбаеваның шығармашылығынан сыр шертеді.
Әубәкір Ысмайылов Қазақстан табиғаты ландшафтының алуандығына арналған күрделі
эпикалық шығармалардың топтамасын жасайды. Қазақстан суретшілерінің шығармашылық
белсенділігі мен көркемдік қабілеті оларға жақын халық өнерінің үздік үлгілеріне сүйенді.
Еуропалық және орыс академиялық өнер дәстүрлерін қолдану 1950-жылдардағы
суретшілер буынының қыр-сырын айқындап берді. 1938 жылы ашылған Н.В. Гоголь атындағы
Алматы көркемсурет училищесінің аса дарынды түлектері өз оқуларын Мәскеу, Ленинград,
Харьков және т.б. қалалардағы жетекші жоғары оқу орындарында жалғастырды. Елге
оралғаннан кейін олар ұлттық негіздер ескерілген туған жер, халықтың салт-дәстүрі, ұлттық
болмыс туралы туындыларын рахаттана жазды. Бұл нағыз шеберлер тобының ғажайып шағы
болды. Солардың бірі – өмірі мен шығармашылығы театр және киномен тығыз байланыстырған
Гүлфайрус Ысмайылова. Суретшінің белгілі туындылары кәсіби сахнадағы актриса,
әнші, биші әйелдер бейнесіне арналған. Молдахмет Кенбаевтың туындылары эпикалық
монументалдық мәнерде орындалған. Осы уақытта Қанафия Телжанов, Әли Жүсіпов, Мұхит
Қалымов және басқа да шеберлер белсенді жұмыс істейді. Олардың дара шығармашылығы
Қазақстан бейнелеу өнерінің қондырғылы түрлерінің болашақ дамуына зор үлес қосты. Айта
кетер маңызды жайт. осы кезең Қазақстанның барлық ұлттық мәдениетінің дамуында жоғары
өрлеуімен сипатталды. Сол уақыттан бастап бейнелеу өнерінде кәсіби деңгейі жағынан
жаңа әрі маңызды, тұтас және бірқалыпты жаңа кезең басталды. Жетекші суретшілердің
кәсібилігі мен жиған-терген шеберлігінің әлеуеті толықтай ашылып, тақырыптық картина,
портрет, пейзаж жанрлары дамиды. Мемлекеттік ауқымдағы ірі мағыналы «Кеңес өкіметіне
40 жыл» (1957), «Қазақстандағы кеңес өкіметіне 40 жыл» (1960), «Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен
өнерінің онкүндігі» (1958) атты мерейтойлық көрмелер суретшілерге орасан зор тақырыптық
туындыларды жасауға ынталандырады. Олардың шығуы суретшілердің шеберлігі мен
кәсібилігін көтерудің заңды нәтижесі болды. Ол тек кескіндемені техникалық игере алуда
ғана емес, көркемдік көре білудің кеңдігіне, түйсікті тереңдігі мен күшіне, көркем ойдың
батылдығына, жалпылау мен іріктеуге, яғни, шығарманың көркемдік-бейнелік әлемін жүйелеу
мен типтеуге де байланысты. Аталмыш дәуірдегі тұрмыстық кескіндемеде осы өлшемдер
әсіресе халық өмірі мен дәстүрлерін шынайы тереңінен зерттеуге, халық өнерінің, заманауи
әдебиет пен өнердің басқа түрлерінің ұлы мұраларын зерттеуге негізделген туындының
мазмұнында көрініс табады. Суретшілер тарапынан бұрындары да белсенді қолданылған
пейзаждың ерекше рөлі мен өз орны бар, алайда, қазіргі уақытта да ол шығармаларда үлкен
жеке көркемдік мағыналық мәнге ие болды. Бұл кезеңнің кескіндемесінде дала басты оқиға
орнына айналып, адамның тіршілік ететін ортасына, сонымен бірге, атажұрт нышаны мен
көшпендінің философиялық дүниетанымы ретінде көрініс табады.
Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ музейлік коллекциясының жауһарлары ретінде,
хрестоматиялық туындыға айналған Ә. Қастеевтің «А. Имановтың портреті», М. Кенбаевтың
«Асауды құрықтау», Қ. Телжановтың «Көкпар», А. Ысмайыловтың «Көртоғай», Л. Леонтьевтің
«Қазақстан композиторлары», С. Мәмбеевтің «Терезе алдындағы қыз», Г. Ысмайылованың
«Қазақ вальсі», Н. Таңсықбаевтың «Іле өзені аңғарында», К. Шаяхметовтың «Талтүс», А.
Школьнийдің «Жайлаудағы кеш», Ә. Жүсіповтің «Менің Отанымның әйелдері» және басқа
көптеген туындыларын атауға болады.
Тұрақты Мемлекеттік тапсырыспен орындалған социализм құрылысы мен кеңестік
мемлекеттің шабытын бейнелейтін ресми шығармалардан бөлек, коллекция идеологиялық
шеңбер аясына кірмейтін авангардтық бағыттағы туындылармен толықтырылды. Осылайша,
директор Л. Плахотнаяның бастамасының нәтижесінде жинаққа 30-жылдары қуғын-сүргінге
ұшырап, ГУЛАГ-тты басынан кешірген Л.В. Эйферттің жеңіл импрессионистік жұмыстары,
С. Калмыковтың барлық өлшем бойынша бірегей коллекциялық туындылары, авангардшы В.
Каптеревтің мәнерлі және бейнелік поэтикамен көмкерілген пейзажды этюдтары енді.
Өнердегі ұлттық мәдени кодты табуға бекінген, саясат пен қоғамдық санадағы болып
жатқан жаһандық өзгерістерді зерделеуге талпынған жылымық кезеңдегі реформашы жас
буынының келуі Қазақстан кескіндемесінің тарихындағы бетбұрысты сәт болды. Ізденіс пен
жаңашылдық рухы жоғары қалқыды. Бұл қазақстандық суретшілердің қажеттілігі басымдық
танытқан, қазақ кескіндемесіндегі бірегей және өзіндік ұлттық тілі қалыптасқан жаңа
бейнешілдік туған уақыт болды. Осылайша, С. Айтбаев бастаған Ш. Сариев, Т. Тоғызбаев, Б.
Табиев, А. Сыдыханов сынды жаңа серпілісті алпысыншы жылғы суретшілердің буыны пайда
болды, олар шынайылықты эпикалық белгі деңгейіне көтерді. Олардың шығармаларында
ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОЕ ИСКУССТВО КАЗАХСТАНА. ЖИВОПИСЬ 9