Page 12 - Каталог акварель 2019 год для печати
P. 12

Кескіндеме  техникаларының  шекарасы  мен
                                                                   сан  алуан  түрлілігі  күні  бүгінге  дейін  анықталған
                                                                   жоқ.  Дұрысын  айтқанда,  ол  адам  фантазиясы  мен
                                                                   шығармашылық     амбициясының   шарықтау   шегін
                                                                   көрсетіп,  барған  сайын  өрісін  кеңейте  түсуде.  Мұның
                                                                   мәні Акварель кез келген шығармашылық ой түкпірінің
                                                                   алдыңғы шебінде жүреді, ол кәсіби білімді суретшілер
                                                                   тобымен  шектелмей,  адамдардың  өзін-өзі  көрсету
                                                                   амалдарын іздестіреді.
                                                                         Акварель  демократияшыл,  бір  қарағанда,  ол
                                                                   жалпыға   түсініктілігімен   әрі   қарапайымдығымен
                                                                   өзінше  бірегей,  өзгеге  ұқсамайды.  Бірақ  солай  бола
                                                                   тұра,  суретшілер  мен  көрермендерге  өзінің  түпсіз
                                                                   тұңғиық  жұмбақтарының,  мүмкіндіктері  мен  күтпеген
                                                                   ашылымдарының мұхитына үстіртін ғана жанасуға жол
                                                                   бергенімен,  өзін  бағындыруға  ешқандай  да  мүмкіндік
                                                                   қалдырмайды.
                                                                         Акварельдің мүмкіндігі мол ‒ ол жалт етіп ғайып
                                                                   болған  сәттің  өзінен  ғажайып  дүние  жасап,  адамды
                                                                   шаттыққа бөлей алады және адамның тұтас бір өмірін
                                                                   нағыз  драмаға  айналдырып  та  жібереді.  Қалай  десек
                                                                   те,  ол  тұрмысты  айнадан  көргендей  етіп  бейнелейтен
                                                                   техника туралы жалпы қабылданған ұғымға сыймайды.
                                                                         Акварель  материал  мен  техникаға  бай  ‒  оның
                                                                   аса  талғампаз  түстік  үйлесімдері,  көп  қатпарлылығы,
                                                                   тереңдігі  мен  жылтылдаған  мөлдірлігі  суреттерді
                                                                   құпияға толы хатқа ұқсатады.
                                                                         Акварельді тұйыққа тірей алмайсыз ‒ себебі оған
                                                                   болжам жасау мүмкін емес. Және торшонмен, жылтыр
                                                                   қағазбен  немесе  пергаментпен,  тиін  қылқаламмен,
                                                                   қылтанмен,  губкамен,  өткір  жүзбен  және  жай  ғана
                                                                   саусақпен жұмыс істейсіз бе, парақ бетіне су құясыз ба,
                                                                   әлде құрғақ қағазды дұрыс көресіз бе ‒ бұлардың бәрі де
                                                                   күтпеген шығармашылық нәтиже болары анық.
                                                                         Акварельмен  қай  кезде  болса  да,  портретті  де,
                                                                   пейзажды  да,  натюрмортты  да  жазуға  болады.  Бүгін
                                                                   де  уақыт  талабына  сай  ол  әдеттегі  ережеден  арылып,
                                                                   сонымен қоса өзінің жеңілдігімен, жарқындығымен және
                                                                   ерекше  көрнектілігімен  танымал  да  сүйікті  қалпынан
                                                                   ажырамай, жаңа идеяларды, эксперименттерді, техника-
                                                                   лық тәсілдерді оп-оңай қабылдап, сіңіріп әкетеді.
                                                                         Қазақстан аквареліне көп те болған жоқ, әрі кетсе
                                                                   бір  ғасырдан  асады,  алайда  біз  осы  уақыт  аралығында
                                                                   суретшілердің бірнеше буыны мұны жалғастырып, оны
                                                                   жетілдіріп  келе  жатқанына,  сөйтіп,  акварельдің  өзінің
                                                                   ерекше дәстүрлерінің қалыптасқанына қуана қараймыз.
                                                                         Тәуелсіз  Қазақстан  тарихында  тұңғыш  рет
                                                                   Әбілхан  Қастеев  атындағы  ҚР  Мемлекеттік  өнер
                                                                   музейінің  кеңістігінде  музей  қорындағы  Қазақстан
                                                                   акварельдік  кескіндеме  тарландарының  туындылары
                                                                   мен  замануи  суретшілердің  жұмыстары  қойылған
                                                                   «Қазақстан акварелі: Кеше және бүгін» республикалық
                                                                   көрмесінің ашылуы мәдени өміріміздегі бірегей оқиғаға
                                                                   дәлел болары сөзсіз.
                                                                         Көрме  осынау  ғажайып  кескіндеме  техникасына
                                                                   кәсіпқойлар  мен  көрермендердің  қайта  назарын
                                                                   аударуға,  жеткен  жетістіктерін,  заманымыздың  идея-
                                                                   лары  мен  ұмтылыстарын  бейнелейтін  шығармашылық
                                                                   ізденістеріндегі  Қазақстанның  байып,  көркейе  түскен
                                                                   заманауи акварель өнерін әлемге паш етуге үндейді.


                                                                                                   Әсия Хайрулина,
                                                                                       суретші, ҚР СО басқарма мүшесі







           12      QAZAQSTAN AKVARELI: KESHE JÁNE BÚGIN
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17